№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Халық сауалы жауапсыз қалмайды

Халық сауалы жауапсыз қалмайды


Сәрсенбі күні «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Руслан Рүстемов тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады.


Жеке қабылдауда 15 тұрғынның өтініші тыңдалды. Аудан азаматтары әлеуметтік көмек, жұмысқа орналасу, тұрғын үй, жер, су мәселесі бойынша көмек сұрады.
Ел ағасы Тілеуберген Ілиясов пен Тұрсынәлі Жүсіпов жер-су атаулары елдің болмыс-бітімінен хабар беретінін, сондықтан ономастикалық атауларға ерекше мән беру керектігін алға тартты. Қосүйеңкілік азаматтар елді мекенді «Құлан ақын» атауына өзгертуін қолдамайтынын жеткізді. Аудан басшысы халық қолдамаса, ауылдың атауы өзгермейтінін айтты.
Одан кейін Досымжан Махмұд Саяжай аумағында орналасқан жерлердің егесін анықтап, қоршату керектігін, газ шүмектерінің дұрыс орнатылмағандығын және көше тазалығын сөз етті. Аудан әкімі белсенді азаматқа алғыс білдіріп, тазалық мекемесінде кенттің келбетінің тазаруына жауапты осындай адамдарды жұмысқа тартуды тапсырды.
«Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің Жаңақорған аудандық филиалының басшысы Динаш Ахметова Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында азаттықты жақындатқан желтоқсаншыларға бір жолғы жәрдемақы қарастырудың маңызына тоқталды.
Иә, уақыт талабынан туындаған қажеттіліктер аз емес. Оның көбісі ауыл әкімі деңгейінде шешілетінін білдік. Мысалы, Келінтөбе ауылының тұрғыны Асхат Бегайдар «Баян ата» қорымының түбіне ауыл тұрғындары қоқыс тастауды әдетке айналдырғанын, қоқысқа арнайы орын белгілеп, ол жерге дейін қиыршақ тас төсеудің мәселесін көтерді.
Аудан әкімі барлық сұрақтарға нақты жауап беріп, заңдылығын түсіндірді және қабылдау барысында аталған мәселелерді сала басшыларына шешуді тапсырды.
– Халықтың әрбір уәжіне мән беріп, оның шешілу жолын табу керек. Қоғамдық қабылдауда айтылған әрбір мәселенің шешілуін қадағалаймын, – деді аудан басшысы Руслан Рүстемов.

Әсел КЕҢЕС
28 ақпан 2021 ж. 498 0