№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Сорақы фильм сорға сеп

Сорақы фильм сорға сеп

Көгілдір экран жаулап алған түріктің және кәрістің фильмдерінің көзді ғана емес ақыл-есті жаулап алғаны сондай Қаратауымыз Қыналы қарға айналып,  қаракөздеріміз Онур мен  Шехризат атанғанына мәз.
Бұған көрерменді кінәлаудың еш қажеті жоқ. Себебі, ол кинолар сапасы жағынан тартымдылығымен жұртшылықты жіпсіз байлап отыр. Мектеп оқушылары сабақты ысырып қойып,  кино көруге бар. Бізде фильм жоқ емес, бар. Бірақ, кілең бір-бірінен айнымайтын, адамның іші пысып, төзіміңді тауысатын дүниелер. Неге оларда өзге фильмдердегідей қызық шытырман оқиғалар, тамаша мелодрамалар, ішек-сілеңді қатырып күлдіре отырып, ойландыратын коме­диялар жоқ. Актерлардың көрер­менді бірден өзіне тартып алатын шеберліктері қайда? Көбі жасанды. Оны кино көріп отырып бірден аңғарасың. Негізі фильмнің жақсы шығуы актердың шеберлігіне байланысты емес пе?
Осы уақыт аралығында елімізде біршама киноның тұсауы кесіліпті. Атап айтсақ, «Әке қорлығы» (реж С.Хажиметов), «Жетімдер» (реж Е.Рақышев), «Сиви» (реж Б.Шарапов), «Бақсы» (реж Омарова), «Қараой» (реж Исабаева). Бұдан басқа да біраз фильдер түсірілген. Алайда осы фильмдерді көріп қуанудың орнына, кірерге тесік таппай қызарып отырасың. Мәселен, «Қараой» фильмінде Санжар есімді жігіттің араққа мас болып, туған анасын жастықпен тұншықтырып өлтіруі және екіқабат әйелді зорлап, хал үстінде тастап кетуі ақылға сыймайтын оқиға. Болды дегеннің өзінде осындай сорақылықты кино етіп шығарып,  эфирге шығару одан өткен сорақылық деп білемін.
Сондай-ақ, «Әке қорлығы» филь­мінде, араққа әбден мас болған әкенің өз қызын төсекке итермелеуі, оны байқаған ұлының әкесін пышақтап өлтіруі жаныңды тітіркендіріп, жүрегіңді сыздатады. Бүгінде қазақ киносының деңгейі өте төмен. Қазақты масқаралап американдықтар түсірген «Боратты» көріп, намыстанып, айқай салып, атойлап жүргенімізде отандық киноларымыздың одан асып түскені біздің талғамымыз бен ақылымыздың таяздығын көретеді емес пе?
Түріктің қай киносын алып қарасақта, ұлттың әдет-ғұрпын, салт-санасын танытатын дүниелер өте көп. Кәріс елінің киноларын қарап отырып сол елге барып-келгендей күй кешеміз. Ол отандық киноларымыз қазақтарды шетінен малдың соңында, ошақтың басында немесе сауда саттық жасап, тәшкі итеріп күндерін әзер көріп жүрген артта қалған адамдарымен жарнамалайды. Мұндай көрініс өзге елде де көп. Бірақ олар оны көрсетпейді. Өйткені, халық онсызда күнделікті өмірде көріп жүр.
Түрік пен кәріс сериалдарының дәуірі басталғанда «Асау жүрек» деп аңырадық, «Қыналы қар» деп қырылып қала жаздадық, «Шехризат» деп көкірегіміз шерге толды. Дерттің тамыры тоқсаныншы жылдары «Байлар да жылайды» телесериалынан басталса керек. Көрермен ес-ақылды баураған арнаға арқандаулы. Сериал көрсетуден бүгінде отандық телеарналар алдына қара салмай тұр. Өңкей түрік пен кәрістің қаңсығы. Енді оған ылғи да біреуден кек қайтарып жүретін, өшпенділіктің неше атасын үйрететін, мимикамен жұмыс істейтін үнді сериалдары қосылды. Тіпті бүгінде үндінің киносын көрсетпейтін арна да қалмады-ау осы. Ара-арасында  отандық  өнімдер  қылтиып бой көрсетіп қалады.
Менің ойымша, бұл сериалдардың бізге беретін ешқандай тәрбиелік мәні жоқ. Керісінше бұл сериалдар біздің санамызды улауда. Біздің арналар бұл сериалдарды сатып алып жатыр, әрине өзімізде көрсететін ештене болмағандықтан. Рас, түрік сериалдарының корей,үнді сериалдарына қарағанда біраз да болсын тәрбиелік мәні бар деп ойлаймын. Қазір екінің бірі өзіміздің тарихымызды білмейді. Оның орнына Анандидің тағдырын жақса біледі. Тап бір онымен бірге өмір сүріп жатқандай. Үнді сериалдары арнамызда көрсетіле басталғаннан бері, қазақ көрермендері үнді болуға айналды. Әлеуметтік желілерде кіп-кішкентай қыздардың үстеріне мата орап алып,қуыршаққа сыйынып жатқан видеолары да шығып жатты. Қазіргі үнді сериалдары адамның жүйке жүйесін бұзады,тез ашуланшақтыққа ұрындырады. Тіпті, жас өскін сүйікті кейіпкерлерінің әдет-дағдысымен қалыптасуы әбден мүмкін.
Еліміздің мәдениетін, қазақтың қазақ екенін танытатын-кино туындылар. Сондықтанда басшылықта отырған көкелеріміз осы жайттарды ескеріп, ар-намысымызды биікке көтеретін, көрген кезде неге көрдім екен деп өкінбейтін фильмдер түсіруді қолға алса.
Әсел Рзаева
---
07 сәуір 2021 ж. 368 0