№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Бүгіннен бастап оқушылар дәстүрлі оқуға көшті

Бүгіннен бастап оқушылар дәстүрлі оқуға көшті

1 наурыздан бастап 1-5 сынып оқушылары дәстүрлі оқуға көшті.

Құрметті ата-аналар! Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 27 ақпандағы №9 қаулысына сәйкес, 1 наурыздан бастап 1-5 сыныптардағы барлық мектеп оқушылары аралас оқу форматында дәстүрлі түрде мектеп қабырғасында оқитын болады.
Ал, бала саны 300-ден аспайтын мектептердегі барлық сыныптың оқушылары бұрынғыдай дәстүрлі түрде оқуды жалғастыра береді.
Мектеп формаларына байланысты оқушыларға қатаң талап қойылмайды. Оқушылар мектеп формасымен немесе ұқыпты әрі өзіне ыңғайлы (классикалық үлгіге жақын) киіммен мектепке келе алады.
Құрметті ата-ана!
Індеттегі ахуалға сәйкес, оқушылар кезең-кезеңімен дәстүрлі оқуға көшуде.Балалардың мектепке барып, ұстаздарымен қауышып, қалыпты жағдайда білім алуы үшін ұстаздармен өзара түсіністікте жұмыс жүргізуге шақырамыз!
01 наурыз 2021 ж. 915 0