№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Ізгілікті қоғам іскерлікпен бекемделеді

Ізгілікті қоғам іскерлікпен бекемделеді


Жер бетінде тұрақтылық пен тұғырлылықтың туын тіктеуде жаратылысынан нәзік, жалпақ әлемді құшағына сидыра білер үлкен жүректі әйел-аналардың ролі адамзат тарихында жасампаздық табиғатынан жаңылып көрген жоқ.


1995 жылы Мемлекет басшы­лығының тікелей бастамасымен Іскер әйелдер қауымдастығының негізін қалаудағы мақсат та осы. Ұйымның 25 жылдық мерейтойы өткен жылдың 22-наурызында біздің облысымызда атап өту ұйғарылғанымен, былтырғы пандемия салдарынан уақытша тоқтатылды.
Аталмыш қауымдастықтың аудан­дағы филиалының жетекшісі ретінде осыдан үш жыл бұрын Швейцарияның Цюрих қаласында өткен Бүкіләлемдік әйелдердің Саммитіне делегат бо­лып қатысып қайттым. Жаһандану кезеңіндегі әйел азаматтардың жаңа­­­шыл іс-қимылдарына серпін бе­ру мәселелері жан-жақты талқы­лан­­­ған жиында Европа және Азия мемлекеттерінен және Америка құ­рама штаттарынан қатысқан мыңнан астам әйел азаматтар қатарында экс-президент, министр ханымдар, түрлі холдинг, компания басшылары мен кәсіпкерлер өз ой-ұсыныстарымен бөлісті.
Ауданда іскер әйелдер қауым­дас­тығының жылдық жоспары түзіліп, соның негізінде жұмыс жүргізіп ке­леміз. Өңірімізде іс бастаймын деген азаматтарға нақтылы қолдау меха­низмдері бар, тек соның көзін таба білуде оларға консультациялық көмек те қажет. Қазірде «Бизнес – Бастау» бойынша ынталы қыз-келіншектерді арнайы оқыту, сол бойынша белгілі кәсіпке бағыт-бағдар беру мәселесі өзекті. Ауылдық жерде де қозғаусыз жатқан құндылықтардың тамырына нәр беріп, ел дәулетін еселеуде әйел азаматтар арасында әлеуеті мықты мамандар бар. Оларды елдің саяси және әлеуметтік сферасына тарту арқылы табиғатында тыңғылықты, әр ісіне жауапкершілікпен қарайтын нәзік жандарды қоғамға кең тартуға болады. Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау мәселесінде де көп қамқорлық қажет. Біз осы бағытта сергек көзқараста серпінді дамудың тиімді тетіктерін тауып, нәзік жандылардың өз-өзіне сенімділігін қалыптастыра білсек, ауданымыздың өркендеуіне қосқан өнегелі үлесіміз болар еді деген үміттемін.

Баян БОЖБАНБАЕВА,
аудандық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы

---
06 наурыз 2021 ж. 465 0