№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Ұлттық құндылық

Ұлттық құндылық

   Елдің бағын ашатын, оны әлем халықтары алдында еңселі ететін өзіндік ұлттық құндылықтары бар. Ұлттық құндылық деген –ұлтты қорғау деген сөз. Ұлттың мәдениетін салт-дәстүрін, тілін, ділін құрметтеу, келешекке табиғи таза күйінде апару үшін не істеуіміз керек?
Ұлтты қорғау-ұлттың басшысын сыйлаудан басталады.

  Қоғам мүшелері, мейлі ол кім болсын министр ме, қатардағы қызметкер ме, жоқ қарапайым жұмысшы болсын заң алдында барлығы бірдей жауапты. Барлығы бірдей заңды сыйлауы тиіс. Сот үкімі ешкімнің қалтасына, қарымына қарамастан заң жүзінде әділетті шешімін тапса азаматтар қоғамға, мемлекетке, болашағына сенімді болар еді.
Біздің халқымыздың дамуына қарадай кесірін тигізіп отырған кемшілік-жең ұшынан жалғасқан сыбайластық деуге болады. Біздің қоғамда мынау менің қолымнан келмейді, немесе менің бұл талабым негізсіз-ау деген ұғым ұмытылғандай, одан гөрі көздегенін қалайда қалтаммен шешіп алармын-ау деген кеудемсоқ пыйғылдың үстем тұратыны қиын.
Тірегі нық, негізі мықты мемлекет боламыз деген ең алдымен білімді басты орынға қоюымыз керек. Қаншама қазба байлығыңыз, алтын, көмір, темірің бір күн таусылуы мүмкін, сарқылмайтын, таусылмайтын қазына білім-мәңгілік. Сондықтан біздің жастарымыз сапалы біліммен қарулануды басты орынға қойғаны жөн.
Бүкіл әлемді шарпыған дағдарыс біздің де елімізді айналып өтпесі белгілі. Бірақ солай екен деп салы суға кеткеннің жағдайы одан сайын қиындай берері ақиқат. Қазақ халқы бұдан да ауыр сынақтарды қажымай, талмай еңсерген. Сондықтан барлығын салмақты ақылға салып, сабырға жүгініп, қанағаттан айрылмау көп қайырлы дер едік.
Кешегі күндері ұлы ақын Абай айтып кеткен «Мақтаншақ, бекер мал шашпақ» қасиеттен бүгін ада-күде арылдық деп айта аламыз ба?
Бәсекеге құрылған болымсыз өмірден іліп алар өнеге қайсы?
Ұлт ұлт болып қалу үшін мына төмендегі үш қасиетті қалыптастыруға тиіспіз: қажырлылық, жауапкершілік, адалдық. Бұл қағидалар кісі бойына мектепте оқып жүрген кезінен қалыптасса келешекте қиындыққа мойымайтын, қандай істі сеніп тапсыруға болатын парасатты ұрпақ өсіп шығар еді.
Әркім қоғамдағы өз орнын білуі керек. Сонда әділетсіздікке де жол берілмейді.
Қашанда қоғамды алға апару аға ұрпақтың өміршең ұлағаты, асыл мұраты. Ұлт ұстыны болар зиялыларымыздың көзқарасы бір жерден шығып жүр ме? Үлкендеріміз биік мінбелерде көп алдында өзінің немесе ағайын-туысының мүддесіне саятын сөз айтып, ой-ниеті тар шеңберден табылып жатса ол елді біріктіру емес, бөлу болып шығады. Алты алаштың баласы алауыз болмай бірігуі керек. Ұлт зиялылары бір қолдан бас, бір жеңнен қол шығаруы тиіс. Ұлттық құндылыққа тән өркениетке сонда ғана қол жеткізе аламыз.

Баян ҮСЕЙІНОВА
---
07 қаңтар 2021 ж. 454 0