Құрылтай

№62 (8976) 18

18 тамыз 2026 ж.

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» Қазақстанда коронавирустан фармацевтикалық компанияның директоры қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустан фармацевтикалық компанияның директоры қайтыс болды


«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС-нің бас директоры Зиятхан Гасанов коронавирустан қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Зиятхан Ахмедұлы Гасановтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
«Ол алғашқылардың бірі болып медицина қызметкерлері мен қазақстандықтарға коронавирус инфекциясымен күресуге көмектесіп, өкінішке қарай, осы індеттің кесірінен көз жұмды», – делінген комитеттің хабарламасында.«Зиятхан Ахмедұлы өз ісінің шебері болды, ол еліміздің фармацевтика саласының дамуына зор үлесін қосты. Оған қоса, өзінің сырқаттанып жүргеніне қарамастан, жалпыға бірдей төнген қауіпке бей-жай қарамай, COVID-19 вирусымен күресуге өлшеусіз көмегін тигізді. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің медицина қызметкерлеріне жеке қорғаныш құралдарын тегін берді», – дейді комитеттегілер.
10 сәуір кешке Алматыда тағы бір адамның өлімі тіркелді. Коронавирустан 1963 жылы туған ер адам көз жұмды. Бұл Қазақстанда қауіпті індеттен қайтыс болған оныншы адам
---
13 сәуір 2020 ж. 547 0