№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қызылордада масканы қайдан алуға болады?

Қызылордада масканы қайдан алуға болады?


Қызылордада медициналық маскалар «Europharma» ЖШС дәріхана желілерінде сатылуда, деп хабарлайды
syrboyi.kz.

- Бүгін таңертең аталған ұйымның әр дәріханасына 1 000 данадан медициналық маска жеткізілген. Барлығы 17 000 дана. Тұрғындарды барынша қамтамасыз ету мақсатында  медициналық маска әр тұтынушыға 5 данадан берілуде, деп хабарлады Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау депатаменті.
Коронавирустан қорғанудың бір тәсілі - үнемі бет перделер тағып жүру. Дегенмен, дәл қазіргі уақытта дәріханаларда бетперделердің тапшылығы орын алуда.
Облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов коронавирустан сақтану шараларының пысықталуына байланысты жедел отырыс өткізді. 
Арнайы отырысқа қатысқан облыстық кәсіпкерлік басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, "Далатекс" тігін фабрикасы өкілдері мен жеке дәріхана иелері бір шешімге келді.
Онда қазіргі уақытта "Далатекс" тігін фабрикасында тігіліп жатырған 8 қабатты көп ретті пайдалануға жарайтын жеке қорғаныш бетперделерін Қызылорда қаласы және аудандардағы дәріханаларға жеткізу қолға алынатын болды.
Бүгіннен бастап, барлық дәріханаларға 3 мың данасы жеткізіледі деп келісілді. Әрі қарай, сұранысқа қарай 5 мың данаға жеткізу жоспары бар. "Далатекс" тігін фабрикасы өкілінің мәлімдеуі бойынша, келесі аптадан бастап арнайы қондырғының көмегімен бір реттік жеке қорғаныш бетперделері шығарыла бастайтын болады.
13 наурыз 2020 ж. 457 0