№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылорда облысында мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы электронды түрде көрсетілген

Қызылорда облысында мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы электронды түрде көрсетілген


Қызылорда облысында электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер 50 пайызға артқан.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрман Талқанбаев облыстық қоғамдық кеңес отырысында баяндады.
Кеңес отырысында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мен қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелері қозғалды.
«Қызылорда облысында соңғы 3 жылда электронды түрде көрсетілген қызметтердің үлесі 50 пайызға артты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 90 пайыз болды. Бұл дегеніміз, халыққа электрондық қызметтерді ұсыну бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілгендігінің белгісі», - деді Нұрман Талқанбаев.
Қазіргі таңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі қызметтердің 80,9 пайызы электрондық нысанға көшірілген. Тізілімдегі 723 қызметтің 586-сы электрондық түрде, 137-сі қағаз түрінде көрсетілуде.
«2019 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер заңнамалары талаптарының сақталуына 53 тексеру жүргіздік. Нәтижесімен 32206 заңбұзушылық анықталды. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 5 есе артып отыр. Заңбұзушылықтардың басым бөлігі, нақтырақ айтқанда 21187 заңбұзушылық ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді сұратуға қатысты орын алған. Сондай-ақ, 7036 рет стандартта көзделмеген құжаттар талап етілсе, 3692 рет қызмет көрсету тәртібі бұзылған» - деді департамент басшысы.
Нұрман Талқанбаев облыстық қоғамдық кеңес мүшелеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мен заңбұзушылықтарды болдырмау мақсатында тиісті органдарға бірқатар ұсыныстар енгізуді алға тартты.
17 қаңтар 2020 ж. 772 0