№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Бауырыңды сүю деген не?

Бауырыңды сүю деген не?


Ертеде бір-бірін қатты жақсы көретін ағайынды үш бауыр болыпты. Құмға ойнау олардың ең сүйікті істерінен еді. Алайда, үшеуінің қызығушылығы мен қалауы әр түрлі болғандықтан кезекпен ойнайтын.

Үлкені ертемен үйден шығып, ауладағы құмға қарай асығады. Қалған екеуі ағалары құмнан түрлі-түрлі ғимараттар, көпірлер мен сарайлар салып бастағанда ғана келетін. Оның барын салып кірісіп кететіні соншалықты інілерінің келгенін де байқамайды. Олар да кедергі келтірмес үшін бір бұрышқа барып, ағаларын бақылып қана отырады.
Міне, құм төселген бұрышта сарай соғатын бос орын қалмады. Ол екі інісін сонда ғана байқады. Мақтанған әрі таңғалған үнмен:
– Қараңдаршы, мен не жасадым?!,-деп айқайлады.
Ол екеуін сарайлар мен көпірлер ғана емес, ағаларының осы істен алған рахаты, ризашылық сезімі де қуантты.
Кенет, кішкентайлардың көздерінде ұшқын пайда болды, ары қарай не болатыны бесенеден белгілі. Екінші бала өзімен бірге үнемі кенеп қалта арқалап жүретін. Ағасының «қаласын» бұзып алмас үшін, аяғының ұшымен басып, ортасына жетті де, қалтаны ашып, түрлі ойыншық көліктерді, сарбаздарды, кемелер мен ұшақтарды шығарды. Бірер минуттан кейін құм қалашықта өмір қыз-қыз қайнады. Аса ұқыптылықпен қимылдаған бала өз бетінше оқиғалар құрап, көліктерді жүргізіп, ұшақтарды ұшырды. Бұл күн батқанша жалғасты. Әлгі екеуі оны сырттан бақылап, қиялына қызығып, тамсанып отырды.
Кеш батқанда сүйікті бауырларының зеріге бастағанын байқаған бала ұшып тұрды. Ойын қаншалықты қызықты болса да, оларға деген бауырмалдығы оны тоқтатты. Ойыншықтарын дереу жинап, інісін шақырды.
Үшіншінің ең сүйікті ісі – бұзып-қирату еді. Екі ағасы шетке барып тұра қалды, ал ол білегін сыбанып, ісіне кірісті. Алдымен жерден тас алып, ең үлкен мұнараны атқылады. Денесімен көпірлердің үстіне құлады. Атып тұрып, аяғымен тепті, айналып, асыр салды. Оның мұнысына екі ағасы да шаттанып, қол бұлғап тұрды. Бұл – күннің ең қызықты сәті еді. Құмға көміліп, айызын қандырған кенжесі үлкеніне:
– Аға, ертең тағы да өзіңнің сүйікті ісіңмен айналыссаң болады, біз ағам екеуміз бүгінгідей өз кезегімізді күтеміз,-деді.
Түн бата, жастыққа бастары тигенде бауырлардың әрқайсысы: «Біздің үшеу болғанымыз қандай жақсы! Және әрқайсысымыз өзімізге ұнайтын нәрсемен айналысуға мүмкіндік аламыз! Бір-бірімізді күтеміз, қуанышымызға ортақтасамыз...» деген тәтті ой құшағында ұйқыға енетін...
Иә, бауырмалдық деген – осы. Өзіңе қалағанды өзгеге қалау, оның қалауын да құрметтеу, қуанышын бөлісу, бақытты болуына жағдай жасау, мейіріміңді төгу, сыйлау...

---
10 ақпан 2020 ж. 653 0