№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » СҮТТІҚҰДЫҚ СЕРПІЛДІ МЕ?

СҮТТІҚҰДЫҚ СЕРПІЛДІ МЕ?

Ел алдында есеп берудің бесінші күнін аудан әкімі Сұлтан Мақашов Ақүйік ауылынан бастады. Одан әрі Шалқия кенті, Жайылма, Сүттіқұдық елді мекеніне жолы түсті. Оған Қызылорда облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Төреахмет Жолымбетов, аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков және мәслихат хатшысы Ерғали Ильясов пен бөлім басшылары қатысты.
Осы күнге белгіленген халықтық кездесудің қорытынды жиыны Сүттіқұдық ауылында түйінделді. Ауыл әкімі Мақсат Абдуллаев өз есебінде салықтың барлық түрі  бойынша 100 процентке орындалғынын айта келе, өткен жылы елді мекенде орын алған өзекті мәселелерге тоқталып өтті.
Ауылдық округте халық саны – 2171 болса, оның 1000-ға жуығы экономикалық белсенді азаматтар. 2019 жылы 43 отбасы атаулы әлуметтік көмек ретінде  168 538 мың теңге алса, тұрғын үй алу үшін 3 отбасыға 1338 мың теңге берілген. Жергілікті бюджеттің қаржысына  елді мекенді көркейтіп, абаттандыру жұмыстары жүргізілумен қатар стритбол алаңы салынды. Өңірлерді дамыту бойынша 2618,0 мың теңгеге Торғаев, Молдағұлова, Исламов, Абай және Алтынсарин көшелеріне тас төселді. Сонымен қатар бағаналар қойылып,электр желісі тартылған. Ауылда барлығы 70 кәсіпкер тіркелген. 32-сі шаруақожалық болса, оның 15-і «Еңбек» бағдарламасы бойынша 6 проценттік жеңілдетілген несиемен 112 млн 88 мың алса, 4 кәсіпкерге 1 млн. 16 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант түрінде берілгенін білдік.
Жалпы, ауылда 600 орындық жаңа мектеп, жаңа дәрігерлік амбулатория, 1 мемлекеттік, 2 жеке балабақша және 1 шағын орталық тұрғындарға қызмет көрсетеді. Сондай ақ,  мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобасы аясында 2019 жылы спорт кешені беріліп, бүгінде гандбол, еркін күрес, қыздар қол күресі және бокс үйірмесі жастарды спортқа баулуда.
Ал тұрғындардың өзекті мәселесіне айналған интернет желісінің жылдамдығы мен мал ұрлығының тыйылмай тұрғаны осы жиын барысында аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың назарына ұсынылды. Аяқ су, ауыз су мәселесі де қоса айтылды. Ал ауылдағы шеткі көше – Омарбеков көшесінің тұрғындары тұрғындар бар күл-қоқыстарын осы  маңға төгетінін наразылығын жеткізді. Бұл мәселе жөнінде аудан басшысы ауыл әкіміМақсат Абдуллаевқа қажетті шараларды қолдануды ескертті.
ТҮЙІН. Талдап-таразылай келгенде, төрт ауылдың тұрғындары да аудан басшысының өркендеуге бастаған бастамаларына оң бағасын берді. Шешімін күтер  ортақ қажеттіліктер де жоқ емес. Тұрғындар ауыз су, аяқ су, интернет желісінің жылдамдығы мен электр жарығы, ең маңыздысы көгілдір отынның игілігін көрсек деген ниеттерін де жасырмады. Ал бұл ретте аудан әкімі Сұлтан Мақашов халық тілеуі рет-ретімен орын-орынымен шешіледі деп айтқан сөзі ел көңілін бір көтеріп тастады.
Лаура БИБАСАРОВА
26 қаңтар 2020 ж. 1 233 0