№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізгендерге салынатын айыппұл бес есеге артады

Жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізгендерге салынатын айыппұл бес есеге артады


Депутаттардың ұсынысымен жол жүру саласындағы жекелеген заң бұзушылықтар үшін айыппұл санкциялары ұлғайтылды
Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырылғандарға көлік айдағаны үшін салынатын айыппұлды 5 есеге арттыру жоспарланып отыр. Мәжіліс депутаттары тиісті заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы екінші оқылымда қаралды.
Депутаттардың ұсынысымен жол жүру саласындағы жекелеген заң бұзушылықтар үшін айыппұл санкциялары ұлғайтылды.
"Жүргізуші құқығынан айырылған адамға көлік жүргізгені үшін 50 АЕК (126 250 теңге) айыппұл салынады. Қазір мұндай айыппұл 10 АЕК-ті (25 250 теңге) құрап отыр", - деді төменгі палатаның заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қанат Мусин.
Ал дәл осы тәртіп бұзушылықты қайталап жасағаны үшін айыппұл мөлшері 20-дан 70 АЕК-ке дейін (50 500 теңгеден 176 750 теңгеге дейін) ұлғайтылмақ.
"Бұл түзету қазақстандықтардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған", - деп түсіндірді депутат.
Сонымен қатар, депутаттар тарапынан жекелеген құқық бұзушылықтар қысқартылып, кодекстен алынып тасталды. Өйткені мұндай даулар сотта азаматтық талап қою тәртібімен азаматтарды әкімшілік жауаптылыққа тартпай шешілуі мүмкін.
"Бірқатар заң бұзушылық бойынша айыппұл санкцияларының мөлшері төмендетілді. Бұдан бөлек, қолданыстағы әкімшілік жазалар әлдеқайда жеңіл жазаларға ауыстырылды", - деді Мусин.
Мәжіліс депутаттары заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көлікті ішімдік ішіп алып жүргізетіндерге қатысты жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев жазаны қатаңдату мәселесінде Қазақстан Ресей мен Беларусьтің тәжірибесіне арқа сүйейтінін айтқан еді. Оған сәйкес, бірнеше заң бұзушылық жасаған жүргізуші көлігінен айырылуы мүмкін.

---
06 қараша 2019 ж. 656 0