№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ПАРТИЯ ЖАҚСЫЛЫҒЫ

ПАРТИЯ ЖАҚСЫЛЫҒЫ

Жақында «Нұр Отан» партиясы аудан­дық филиалында «Кедергісіз келе­шек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналарға құрмет көрсету шарасы өрбіді.
Шара барысында аудандық пар­тия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев аналарды мерекемен құттықтады.
– Астанада өткен «Нұр Отан» партиясының съезінде Елбасы әлеуметтік саясат саласындағы шаралардың іске асырылуын егжей-тегжейлі қарастырды. Әрі тұрмысы тұралаған және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындарға қолдау көрсету жөнінде жаңа ауқымды шаралар ұсынды. Оған қоса, Президент халықтың көмекке мұқтаж санатына жататындардың бәріне әлеуметтік жәрдем беру қажет екенін айтты. Енді міне, күні кеше Мемлекет басшысы әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көмекке аса мұқтаж және көп балалы отбасылар биылғы бірінші сәуірден қалмай әлеуметтік көмек алу қажеттігін атады. Ол үшін Үкімет, әкімдер, жұртшылық және «Нұр Отан» партиясы нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін осы жұмысқа атсалысуы тиіс, – деді Мәжит Балқожаев.
Осылайша, партияның мұраты – әлеуметтің әлеуетін арттыру екенін тілге тиек еткен Мәжит Балқожаев мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған бір топ анаға мерекелік сый-сияпатын табыстады. Өз кезегінде тұрмыс тау­қыметін тартқан ақ жаулықты аналар мемлекет қолдауына алғысын білдірді.
– Тұрмысы тұралаған отбасына тіреу болу – бұл сауапты іс деп білемін. Бізге үнемі әкімдік пен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы тарапынан қайырымдылық акцияларына шақырып, қолдау көмегін көрсетіп тұрады. Жаны жомарт жандарға айтар алғысым зор. Енді міне, Елбасы мүгедек бала асырап отырған ата-аналардың жәрдемақысын 30 пайызға көбейту жөнінде Үкіметке тапсырма беріпті. Бұл біздер үшін қуанышты жаңалық. Үкіметтен алатын жәрдемақы көбейсе, әлеуметтің әлеуетін артары сөзсіз, – дейді кент тұрғыны Санакүл Көгенбаева.
27 наурыз 2019 ж. 927 0