№31 (8945) 28

28 сәуір 2026 ж.

№30 (8944) 25

25 сәуір 2026 ж.

№29 (8943) 21

21 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Кітапханашыларға құрмет

Кітапханашыларға құрмет


Бүгін аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен, Нарымбет Сарсенбекұлы білім беру ұйымдарының мектеп кітапханашыларын қабылдап, құттықтауын жеткізді.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Кітапханашылар күні – 24 қазан» болып бекітілгенін білеміз.
Кітапханашы күні – қызметкерлердің ғана мерекесі емес, ол оқырмандардың да мерекесі. Кітапханалар – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар. Сіздерді кітапханашылар күнімен құттықтаймыз! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ – береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз-деп сөзін қорытындылады.

Кітапханашылар облыстық білім басқармасының “Алғыс хаттарымен”, аудандық білім бөлімінің және аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің «Алғыс хаттарымен» және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
22 қараша 2024 ж. 3 885 0