Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » “Педагогикалық идеялар аукционы”

“Педагогикалық идеялар аукционы”

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР АУКЦИОНЫ БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТКІЗІЛДІ

Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері П.Тұртанованың ұйымдастыруымен шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге арналған “Педагогикалық идеялар аукционы” байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: жалпы білім беру процесінде педагогикалық міндеттерді жобалай алуы және оны шеше білуі, мұғалімнің жеке тұлға ретінде өзін-өзі билеуі, кәсіби педагогикалық шеберлігін көрсете білуі.

Байқауға өзінің “педагогикалық жинақ сандықшасының” материалдарын конкурсқа беруге дайын білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.

Байқау жеңімпаздары аудандық білім бөлімінің және аудандық кәсіподақ комитетінің алғыс хаты мен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды!
22 қараша 2024 ж. 429 0