№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » » Қазақстандық кәсіпкер түріктің танымал “Ертұғрыл” телехикаясына түскен

Қазақстандық кәсіпкер түріктің танымал “Ертұғрыл” телехикаясына түскен


Қазақстан тумасы, кәсіпкер Ладибек Тутадзе түріктің танымал “Ертұғрыл” телехикаясына түскен. Кино әлеміне жаңадан қадам басқан актер Қазақстандағы кәсібін тастап, Түркияға ақша табу үшін аттанғанын әңгімелеп берді. Ол Tengrinews.kz басылымына сұхбат берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.Ладибек Тутадзе Алматы облысының қазіргі Көксай елді-мекенінде туған. Мектеп бітірген соң, Түркия университеттерінің біріне грантқа түскен. Оқуын тәмамдаған соң, Қазақстанға оралған.
“Мен этникалық түрікпін. Университетті бітірген соң Түркияда қалу туралы ұсыныстар түсті, бірақ мен Отаныма оралуды жөн көрдім. Менің ойымша, Отан – ол сенің туып-өскен жерің, туыстарың мен достарың тұратын мекен. Ал Түркияға деген көңілім ерекше. 2007 жылы бауырыма күрделі ота жасалған соң, аталған елге баруға мәжбүр болдым. Бірнеше операциядан кейін, қайта оңалту курсынан өтіп, аяққа тұруға күш таптым. Ара-тұра профилактикадан өту үшін Түркияға барып тұратынмын. 2016 жылы әкем дүниеден қайтқан соң, ауыр күйзеліске ұшырадым. Денсаулығыма да қатты зақым келді. Барғым келген жоқ, бірақ ем-домды төлеу үшін жұмыс іздеуге тура келді”, – дейді ол.Ладибектің айтуынша, сол шақта танымал “Ертұғрыл” телехикаясы телеэкрандардан көрсетіле бастаған. Сонда қазақстандық азамат аталған кинокартинада бой көрсетемін деп мақсат қойған.

“Атқа отыру, садақ ату, қылышты қолдану бойынша курстарға жазылдым. Ал киноға дейін қазақстандық компанияда менеджер болып жұмыс істедім. Кейін өз ісімді бастап, 10 жылдай құрылыс компаниясының директоры қызметін атқардым. Рейтингі мықты сериалға түсу оңайға соқпайтынын түсіндім. Бірақ табандылығымның арқасында дегеніме жеттім. Ақырында бірталай кастингтерден өтіп, мені массовкаға алды. Алғашқыда ренжігенім рас. Сонша тырыстым, ал фильмде екінші пландағы адам болдым.

Қазіргі таңда Ладибек Тутадзе тағы бір телехикаяға түсіп жатыр. Бұдан бөлек, қазақстандық кәсіпкер “Ертұғрыл” телехикаясының жаңа маусымына түсуді жоспарлап отыр.
05 мамыр 2018 ж. 975 0