» » ҰБТ-ДАН 140 БАЛЛ ЖИНАҒАН ТҮЛЕК АРМАНДАҒАН ОҚУ ОРНЫНА ТҮСЕ АЛМАЙДЫ

ҰБТ-ДАН 140 БАЛЛ ЖИНАҒАН ТҮЛЕК АРМАНДАҒАН ОҚУ ОРНЫНА ТҮСЕ АЛМАЙДЫ


Шиара Құдайбергенова – биылғы жылы ҰБТ-дан 140 балл жинаған алғашқы түлек. Мектеп бітіруші дайындық кезеңінде таңғы сағат 4-те оянып, қас қарайғанға дейін кітап ақтарумен уақытын өткізген. Sputnik Қазақстанға сұхбат берген Шиара ҰБТ-ға қалай дайындалғанын және не себепті арманындағы оқу орнына түсе алмайтынын түсіндіріп берді.Шиара ҰБТ-ға 9-сыныпта оқып жүрген кезінен бастап дайындала бастаған. Өзінің айтуынша, ол қателіктермен жұмыс істеу арқылы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр.
Бойжеткен тек қана тест кітаптары арқылы емес, 7-11 сынып аралығындағы барлық оқулықтарды қайта қарап шыққан. Түлектің таңдаған пәндері – география мен математика.
Кеше ғана алтын ұясынан ұшқан түлектің алдында үлкен таңдау тұр. Логист болуды армандайтын Шиара әлі оқу орнын таңдап үлгермепті. Өкінішке қарай, ең жоғары нәтиже көрсетсе де, алматылық түлек арманындағы университетке түсе алмайды екен.
“Назарбаев Университетіне түскім келген. Бірақ өкінішке қарай, онда құжат қабылдау уақыты өтіп кетіпті. Енді Астанадағы Еуразия ұлттық университеті мен Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы университет арасында таңдау жасап жатырмын”, – деп бөлісті жас түлек.
Бұдан бөлек, Шиара тестке дайындалу үшін ұзақ уақыт бойы таңғы сағат 4-те тұрып келгенін жасырмады.
“Таңғы сағат 4-те тұрып, шайымды ішетінмін. Тесттерді қайталап, көп кітап оқыдым. Кейін мектепке, ал түскі үзіліс кезінде ҰБТ-ға дайындық орталықтарына баратынмын. Барлық ұстаздарыма алғысым шексіз”, – деп атап өтті Шиара.

28 маусым 2018 ж. 1 594 2

Гость Jeahulalf от 14 ақпан 2019 10:51
Kamagra Brisbane Levitra Original Precio cialis overnight shipping from usa Sildenafil Generique France Cialis Somministrazione Pas Cher Priligy Dapoxetine

Гость Jeahulalf от 5 наурыз 2019 22:28
Cialis Brand Name Buy Online Viamedic Coupon Viagra Without A Persxritpion viagra Buy Celebrex Online Uk isotretinoin 20mg