№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Бала амандығы - басты назарда

Бала амандығы - басты назарда

Ауа райы құбылып, күздің қоңыр салқыны жұртты әбігерге салатын мезгілде тұмау дерті де күшейіп отыр. Көпшілікке жиі жұғатын бұл вирус әсіресе кішкентай сәбилер мен мектеп жасындағы балдырғандар арасында көбейіп жатыр. Бұл жөнінде аудандық емхананың бас балалар дәрігері Ұлжан Үрінбаевамен сөйлесіп, кеңесіне құлақ түрдік.

– Күз айлары – жедел респираторлық вирустық инфекцияның өршитін мезгілі. Сонымен қатар, ауруханаға жеделішек инфекциясымен түсетін науқастар да бар. Учаскелік медбикелер күн сайын үй-үйді аралап, үй жағдайында науқастанып жатқан балаларды да анықтауда. Қандай жағдайда болсын өз бетінше ем алуға болмайтынын, балалар ауырса дереу учаскелік дәрігер шақырту қажеттігін ескертеміз. Себебі, ауруды асқындырып алу жедел ем қабылдауға айтарлықтай кесірін тигізеді.

– Әдетте, бас ауырып, мұрыннан су аға бастаса, салқын тиді деп топшылаймыз ғой. Дәрігер ретінде, тұмаудың белгілеріне нақты тоқталып өтсеңіз?

– Тұмаудың белгілері адамдардың көпшілігіне аян, дегенмен, осындай маңызды кеңесті назарға салу артық болмайды деп ойлаймыз. Дене температурасының көтерілуі, жөтелу, мұрынның бітеліп қалуы, мұрынмен тыныс алудың бұзылуы, мұрыннан шырыштық бөлінуі, әлсіздік, босаңдық, сырқаттану, құрғақ үрме жөтел, кеуденің жыбырлауы, құрысқақ, көз жасының ағуы – тұмаудың белгілеріне жатады. Оның жасырын, инкубациялық кезең 5-6 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады. Осы уақыт аралығында вирус ауыз бен мұрынның шырышты қабықтары арқылы ағзаға еніп үлгереді, ал иммундық жүйе сол уақытта оған кедергі жасауға әрекет жасайды. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы вирустың түріне, адамның иммундық жүйесінің жағдайына байланысты. Инкубациялық кезеңнен кейін аурудың мынандай белгілері пайда болады. Аурудың алғашқы сағаттарында температура көтеріледі. Тұмауға 40°С дейін және тіпті одан да жоғары температуралы қатты қызба болуы мүмкін. Кейінірек өнімсіз, құрғақ жөтел пайда болады, ол бірте-бірте ылғалды, қақырық бөлінетін жөтелге айналады. Тұмау – иммундық жүйесі әлсіз қарт адамдар мен балалар емделмегенде немесе сәйкессіз ем қолданғанда, режим бұзылған кезде дамитын асқынулары өте қауіпті дерт.

– Тұмаудың алғашқы белгілері біліне бастағанда не істеу керек?


– Мұндай жағдайда жұмысқа, оқу орындарына барудың қажеті жоқ, науқас баланы балабақша, мектеп, мәдени-көпшілік іс-шараларға жіберуге болмайды. Егер сіз тұмау немесе ЖРВИ-мен ауырған болсаңыз барлық ауырған кезеңде және ауру белгілерін шешкеннен кейін 24 сағат бойы үйде қалыңыз, төсек режимін сақтаңыз, бөлмені күніне 2 рет таза ауамен желдетіңіз, мұрыннан су аққанда, жөтелгенде, медициналық демперде киіп, оны әрбір 4 сағат сайын ауыстырып отырыңыз. Сусын, шай, шырын түрінде көп ішіңіз, жеке бас тазалағын сақтаңыз. Барынша басқа отбасы мүшелеріне жақындамауға тырысыңыз. Бұл басқа адамдарға жұқтырмау және одан әрі вирусты жұқпаны таратпау үшін қажет. Егер дене қызуыңыз 38-39° жоғары көтерілсе, үйге учаскелік дәрігерді шақырыңыз. Демікпе, екінші рет құсу, сіңір тартылу, естен айырылу пайда болған кезде жедел жәрдемді дереу шақырту қажет.

– Маусымдық аурулардан қорғану тәсілдері, алдын алудың қандай жолдары бар?

– Вирус негізінен ауа арқылы таралады. Оның алдын алу шараларына гигиенаны сақтау, салауатты өмір салтын ұстану, тамақтану жатады. Сонымен қатар, бөлмені желдетіп, жиі ауаны ылғалдандырып отыру қажет. Ата-аналар балаларын таза ауаға серуендетуді әдетке айналдырғаны дұрыс. Алдын алу шараларының ең маңыздысы, иммунды жүйені көтеру. Иммунитет – ағзаның зиянды бактериялар мен вирустарға шабуылына қарсы тұру қабілеті. Адамның иммундық жүйесі – мамандандырылған жасушалардың күрделі жүйесі. Ол организмді қорғауға, бөгде патогені микроорганизмдерге, бактерияларға, вирустарға, паразиттерге қарсы тұра алады. Сондықтан адам ағзасында тұрақты иммунитет болса аурумен күресуге қауқарлы. Жаз мезгілінде балалар балмұздақ жеп тамағы ауырады деген түсінік бар. Бұл қате пікір. Ангинаның пайда болу себебі түрлі вирустар мен бактериялардан туындайды.

– Иммунитетті қалай қалыптастыруға болады? Балалардың иммунитетін қалай көтерген жөн?

– Иммунитет – адам денсаулығын сыртқы жағымсыз әсерден сақтап, бактерия, микроб, вирус сынды инфекцияларға қарсыласатын ағзаның қорғаушы әрекеті. Қазіргі уақытта баланы ешқандай дәрідәрмексіз сумен, таза ауаға жиі шығару арқылы сырқаттан емдеп, иммунитетті де нығайтуға болады. Негізі иммунитеттің екі түрі болады. Ол туа пайда болған және жүре пайда болған иммунитет. Туа пайда болған иммунитетте тұқым қуалаушылық бар. Ал, жүре пайда болған иммундық жүйе адам ағзасын қорғау үшін жасушалар қалыптастыру үшін туа біткен жүйені пайдаланады. Жүре пайда болған иммундық жүйе өзгеріске ұшырап отырады. Яғни, иммундық жүйеге зиянды аурулардан сақтайтын антидене қалыптастыруға жаттығады. Иммунитетті көтеруде ең бастысы күн тәртібін дұрыс қалыптастыру керек. Ата-аналар балаларына тұмау тиіп, иммунитеті түскен кезеңде дәріханаға бармай, пайдалы тағам ұсынған жөн. Күн тәртібіне қалыпты ұйқы, дұрыс тамақтану ережесін ұстану, таза ауада серуендеу, ағзаға пайдалы дәрумендер қолдану маңызды рөл атқарады. Дұрыс тамақтануда жемістер мен көкөністерді күнделікті рационға қосу қажет. Мәселен, асбұршақ, үрме бұршақ, жасымық, маш сынды дәнді дақылдарды қосқан жөн. Сонымен қатар, өсімдіктер мен жидектерді де жиі тұтынған абзал. Дәрумендерді ешқандай химиялық зат қосылмаған пайдалы тағамдарды тұтыну арқылы алуға болады. Салауатты өмірді сақтанып, дұрыс тамақтануды қолға алса, баланың да, отбасының да иммунитеті жоғары болады. Сондықтан әр ата-ана өзінен бастауы керек. Бала көргенін жасайды. Отбасында күнделікті тамақтану тәртібі, толық ұйқы, дәрумендерді тұтынуды әдетке айналдырған жөн.

– Сұқбатыңызға рақмет!

Әсел Рзаева
27 қазан 2023 ж. 1 120 0