№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жұқпалы аурулар өрши түсті ме?

Жұқпалы аурулар өрши түсті ме?



Бір жасар қызымның іші өтіп, құсып, ыстығы түспей екі күн үйде ауырды. Бет-аузы бөртіп, денесінде жара шығып, мазасы қашты. Халі ауыр болған соң, жедел жәрдеммен аудандық жұқпалы аурулар ауруханасынан бір-ақ шықтық.
Дәрігерлер тексеріп, ем жүргізуді қолға алды. Жаңадан түсіп жатқан біз ғана емес, қасымда тағы екі келіншек баласын құшақтап отыр. Медбикелер өзара «қай палатаға жатқызамыз, аурухана іші тола» деп әңгімелесіп жатыр.
Не керек, бір палатаға алты ана баламызды құшақтап жайғастық. Ал содан ұйқысыз түндер, біресе тамырдан, біресе жамбастан дәрі егу басталды. Бастапқы үш тәулікте қанша дәрі егіліп, түрлі медициналық шаралар жасалса да, қызымның құсқаны да, ішінің өткені де басылмады. Баламның шырылдап жылағанынан өзімді қоярға жер таппай, іштей уайыммен алысып әлекпін. Расында, соншама дәрінің әсері болмайтындай, «бұл қандай ауру?» деп басым қатты. Өзіміз ауырсақ, жанға батқан жерімізді білер едік. Ал өзі бір жасқа жаңа толған, тілі шықпаған бала ауырса... Оны сөзбен айтып жеткізу қиын.
Шүкір, қызыма жасалған емнің әсері болып, жазылып шықтық. Журналист ретінде зердеге көзбен көргенімізді түйіп, ой қорытын жүретін әдетіміз емес пе?
Жұқпалы аурулар ауруханасында бір сәтке дамыл жоқ екен. Бір түнде бір бөлімге 5-6 жасөспірім түсіп жатыр. Бірі жан сақтау бөліміне жатқызылса, бірі ларингитпен, тағы бірі дене қызуы түспей, дене құрысуымен түсуде.
Дәрігерлер науқастарды ауруының ағымына, дәрежесіне қарай жатқызуда. Жедел респираторлық-вирустық инфекциялық аурулардың жеңіл, орта және ауыр түрі бар. Өте ауыр түрі бірден жансақтау бөлімшесіне жіберіледі екен. Күнде таңертең бөлім меңгерушісі мен кезекші дәрігер келіп, балаларды бастан-аяқ тексеріп, жағдайын біледі. Өзім журналист болғандықтан, көпшілік қауымға кеңес болсын деген ниетпен бөлім меңгерушісі Әсел Сейіловадан осы жұқпалы аурулар індеті қайдан, қалай пайда болатынын және емдеу жолдарын сұрап білдім.
– Шыны керек, қазіргі уақытта вирус мезгіл таңдап жатқан жоқ. Балалардың арасында лорингит өте көп. Бірақ, ауа райы ылғалды емес, құрғақ. Бұл аурудың өршитін уақыты емес. Соған қарамастан, ауруханаға түсіп жатқан балалардың басым көпшілігі лорингитпен ауырып жатыр. Қазір «маусымдық» деген ұғым жоғалды. Бұрын қыста ЖРВИ, жазда жұқпалы ішек аурулары болса, бүгінде вирустың түрі көп, мезгілге де қарамайтын болды, ауа тамшылары арқылы жайыла береді. Бұрын бір күнде 5-6 ғана науқас түссе, қазір 17-18 науқасқа дейін қабылдап жатырмыз. Суық тию барлық балалар арасында бірінші орында тұр. Олардың иммунитеті аурулармен күресе алмайды. Сондықтан күн суытып, ауа-райы өзгерген кезде, ата-аналар балаларына аса мұқият қарағаны абзал. Әйтпесе, балаға суық тигенді емдеуге көп уақыт кетеді. Менің таң қалатыным, екі-үш айлық балаларды емдеп жатырмыз. Аналары омыраудан шығарып жіберген, қосымша тамақтандырады, – деді бөлімше басшысы Әсел Сейілова.
– Осы тұста айта кетіңізші, жас аналардың көпшілігі балалары ауырса не істерін білмей, әуреге түсіп жатады. Баланың иммунитетін қалай көтеруге болады?
– Әдетте күзде өрши түсетін тұмау, өткір респираторлық вирус ауруларынан сақтану керек. Себебі бейғамдық танытқандардың имммунитеті әлсіреп, коронавирусқа шалдығуы мүмкін. Инфекцияны уақытында емдеп отыру, аурулардан сақтанудың бірден-бір жолы. Сондықтан да, әрбір ата-ана баласының денсаулығына мұқият болып, түрлі ауруларға ұласып кетпеуін қадағалағаны жөн. Ата-аналардың, ең алдымен өз баласына тұмауға қарсы дәрі-дәрмектерді бермес бұрын учаскелік дәрігермен кеңесу керек екенін айтқым келеді. Дене температурасының көтерілуі, бас ауруы сияқты симптомдар менингит ауруының алғашқы белгілері болып саналатындығын да ұмытпаған жөн. Сондықтан суықтың алғашқы
белгілері пайда болған кезде дереу дәрігермен кеңесу керек. Емдеу кезінде вирусқа қарсы және микробқа қарсы баланы жиі суықтан қорғау үшін иммундық жүйені нығайтатын және эпидемия мен тұмау кезінде инфекция қаупін төмендететін алдын алу шараларын жүргізу қажет екен. Ол үшін бөлмені желдету, салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, түрлі дәрумендер, жеміс-жидектерді рационға қосу қажет. Толыққанды демалыс та үлкен маңызға ие. Мәселен, 7 жасқа дейінгі балаларға күндізгі ұйқы қажет, ал кейбір балалар тіпті 8 жасқа дейін түстен кейін демалуды әдетке айналдырады. Ұйқының өзіндік пайдасы бар. Ұйқы кезінде дене жұмсалған энергияны қалпына келтіреді, бұл иммундық қорғанысты нығайтуға көмектеседі.
– Балалар арасында денелеріне түрлі жара шығып, асқынулар көбейіп жатыр екен. Ата-аналардың сөзінше, сары жараның белгілері бар көрінеді. Бұған не дейсіз?
– Оның барлығы осы вирустың әсері ғой. Бірақ, бізге түсіп жатқан балалар арасында ондай белгілерді байқап жатқаным жоқ. Бәлкім, ата-аналар үйден емдеп жатқан болар. Ең бастысы, баланы қараусыз қалдырмау керек. Қазіргі жағдай бәрімізге белгілі, қол қусырып қарап отыратын уақыт емес. Барынша сақтанған абзал. Ауа райы құбылып, қыстың қытымыр аязы кетіп, көктем келісімен жұртты әбігерге салатын дерттің екпіні күшейеді. Ол – тұмау. Көпшілікке жиі жұғатын бұл вирустың қазіргі қарқыны қатты. Тұмаудан еліміз бойынша, әсіресе, кішкентай сәбилер мен мектеп жасындағы балдырғандар қатты зардап шегуде
Әсел РЗАЕВА
06 қараша 2021 ж. 429 0