№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Денсаулық зор байлық

Денсаулық зор байлық


Ауа райы құбылып, қыстың қытымыр аязы артта қалып, күн жылынса да жұртты әбігерге салған тұмау дерті күшейіп отыр. Көпшілікке жиі жұғатын бұл вирустың қазіргі қарқыны қатты. Тұмаудан еліміз бойынша, әсіресе, кішкентай сәбилер мен мектеп жасындағы балдырғандар қатты зардап шегуде. Ата-аналар мен мамандар бұл жолғы тұмаудың белгілері бөлек екенін айтады. Бұл жөнінде аудандық емхананың бас балалар дәрігері Ұлжан Үрінбаевамен сөйлесіп, мәселенің мән-жайын білуге тырыстық.

  – Аудан көлемінде балалар арасында жоғарғы және төменгі тыныс алу жүйесі аурулары күрт өсуіне байланысты, қазіргі таңда 18 балаға арналған төсек орында 21 бала жатса, жұқпалы аурулар бөлімінде 44 төсек орында, 80 бала ем алып жатыр. Оның ішінде 67 бала нақты тұмаумен сырқаттанған. Осы ретте айта кетейін, 5 жасқа дейінгі балалар арасында 4 қауіпті белгі бар. Осы белгілердің бірі байқалатын болса дереу жедел жәрдем шақыру керек. Атап айтсам, егер бала емшек еме алмай қалса, әр емген сайын немесе су ішкен сайын құса берсе, құрысу және есінен тану болса, уақыт оздырмай ауруханаға бару керек. Биылғы жылы тұмау ауруының асқынуы ауа райына байланысты болып отыр.

Күз айлары – жедел респираторлық вирустық инфекцияның өршитін мезгілі. Сонымен қатар, ауруханаға жедел-ішек инфекциясымен түсетін науқастар да бар. Учаскелік медбикелер күн сайын үй-үйді аралап, үй жағдайында науқастанып жатқан балаларды да анықтауда. Қандай жағдайда болмасын өз бетінше ем алуға болмайтынын, балалар ауырса дереу учаскелік дәрігер шақырту қажеттігін ескертеміз. Себебі, ауруды асқындырып алу жедел ем қабылдауға айтарлықтай кесірін тигізеді. Емханаға келуші көпшіліктің шағымына келсек, балалардың тамақ ішпей, дене қызуының көтерілуі. Оған қоса, жөтелдің жиілігі, өкпедегі сырыл – бұл науқас балаларға ортақ ауру белгілері.

– Әдетте, бас ауырып, мұрыннан су аға бастаса салқын тиді деп топшылаймыз ғой. Дәрігер ретінде, тұмаудың белгілеріне нақты тоқталып өтсеңіз?

– Тұмаудың белгілері адамдардың көпшілігіне аян, дегенмен, осындай маңызды ақпаратты қайталау артық болмайды деп ойлаймыз. Дене температурасының көтерілуі, жөтелу, мұрынның бітеліп қалуы, мұрынмен тыныс алудың бұзылуы, мұрыннан шырыштық бөлінуі, әлсіздік, босаңдық, сырқаттану, құрғақ үрме жөтел, кеуденің жыбырлауы, құрысқақ, көз жасының ағуы, сонымен қатар, жасырын, инкубациялық кезең 5 - 6 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады. Осы уақыттың аралығында вирус ауыз бен мұрынның шырышты қабықтары арқылы ағзаға еніп үлгереді, ал иммундық жүйе сол уақытта оған кедергі жасауға әрекет жасайды. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы вирустың түріне, адамның иммундық жүйесінің жағдайына байланысты. Инкубациялық кезеңнен кейін аурудың мынандай белгілері пайда болады.

Аурудың алғашқы сағаттарында температура көтеріледі. Тұмауға 40°С дейін және тіпті одан да жоғары температуралы қатты қызба болуы мүмкін. Кейінірек өнімсіз, құрғақ жөтел пайда болады, ол бірте - бірте ылғалды, қақырық бөлінетін жөтелге айналады. Тұмау – өздігінен жағымсыз ауру, дегенмен оның иммундық жүйесі әлсіз қарт адамдар мен балалар емделмегенде немесе сәйкессіз ем қолданғанда, режим бұзылған кезде дамитын асқынулары өте қауіпті.

– Егер осындай тұмаудың алғашқы белгілері басталса не істеу керек?

– Тұмаудың белгілері біліне бастағанда жұмысқа, оқу орындарына барудың қажеті жоқ, науқас баланы балабақша, мектеп, мәдени- көпшілік іс- шараларға жібермеңіздер. Егер сіз тұмау немесе ЖРВИ- мен ауырған болсаңыз барлық ауырған кезеңде және ауру белгілерін шешкеннен кейін 24 сағат бойы үйде қалыңыз, төсек режимін сақтаңыз, бөлмені күніне 2 рет таза ауамен желдетіңіз, мұрыннан су аққанда, жөтелгенде, медициналық демперде киіп, оны әрбір 4 сағат сайын ауыстырып отырыңыз, сусын, шай, шырын түрінде көп ішіңіз, жеке бас тазалағын сақтаңыз. Барынша басқа отбасы мүшелеріне жақындамауға тырысыңыз. Бұл сіз басқа адамдарға жұқтырмау және одан әрі вирусты жұқпаны таратпау үшін қажет. Егер дене қызуыңыз 38- 39° жоғары көтерілсе, үйге учаскелік дәрігерді шақырыңыз. Демікпе, екінші рет құсу, сіңір тартылу, естен айырылу пайда болған кезде жедел жәрдемді дереу шақырту қажет.

– Маусымдық аурулардан қорғану тәсілдері, алдын алудың қандай жолдары бар?

– Вирус негізінен ауа арқылы таралады. Оның алдын алу шараларына гигиенаны сақтау, салауатты өмір салтын ұстану, тамақтану жатады. Сонымен қатар, бөлмені желдетіп, жиі ауаны ылғалдандырып отыру қажет. Ата-аналар балаларын жиі таза ауаға серуендетуді әдетке айналдырғаны дұрыс. Алдын алу шараларының ең маңыздысы иммунды жүйені көтеру. Иммунитет – ағзаның зиянды бактериялар мен вирустарға шабуылына қарсы тұру қабілеті. Адамның иммундық жүйесі – мамандандырылған жасушалардың күрделі жүйесі. Ол организмді қорғауға, бөгде патогені микроорганизмдерге, бактерияларға, вирустарға, паразиттерге қарсы тұра алады. Сондықтан адам ағзасында тұрақты иммунитет болса аурумен күресуге қауқарлы. Жаз мезгілінде балалар балмұздақ жеп тамағы ауырады деген түсінік бар. Бұл қате пікір. Ангинаның пайда болу себебі түрлі вирустар мен бактериялардан туындайды.

– Шыны керек, кішкентай балалары бар аналарға кеңесіңіз болсын. Иммунитет қалай қалыптастыруға болады? Балалардың иммунитетін қалай көтерген жөн?

– Иммунитет – адам денсаулығын сыртқы жағымсыз әсерден сақтап, бактерия, микроб, вирус сынды инфекцияларға қарсыласатын ағзаның қорғаушы әрекеті. Қазіргі уақытта баланы ешқандай дәрі-дәрмексіз сумен, таза ауаға жиі шығару арқылы сырқаттан емдеп, иммунитетті де нығайтуға болады. Негізі иммунитеттің екі түрі болады. Ол туа пайда болған және жүре пайда болған иммунитет. Туа пайда болған иммунитетте тұқым қуалаушылық бар. Ал, жүре пайда болған иммундық жүйе адам ағзасын қорғау үшін жасушалар қалыптастыру үшін туа біткен жүйені пайдаланады. Жүре пайда болған иммундық жүйе өзгеріске ұшырап отырады. Яғни, иммундық жүйеге зиянды аурулардан сақтайтын антидене қалыптастыруға жаттығады. Иммунитет көтеруде ең бастысы күн тәртібін дұрыс қалыптастыру керек. Ата-аналар балаларына тұмау тиіп, иммунитеті түскен кезеңде дәріханаға бармай, пайдалы тағам ұсынған жөн. Күн тәртібіне қалыпты ұйқы, дұрыс тамақтану ережесін ұстану, таза ауада серуендеу, ағзаға пайдалы дәрумендер қолдану маңызды рөл атқарады. Дұрыс тамақтануда жемістер мен көкөністерді күнделікті рационға қосу қажет. Мәселен, асбұршақ, үрме бұршақ, жасымық, маш сынды дәндідақылдарды қосқан жөн.

Сонымен қатар, өсімдіктер мен жидектерді де жиі тұтынған абзал. Дәрумендерді ешқандай химиялық зат қосылмаған пайдалы тағамдарды тұтыну арқылы алуға болады. Салауатты өмірді сақтанып, дұрыс тамақтануды қолға алса, баланың да, отбасының да иммунитеті жоғары болады. Сондықтан әр ата-ана өзінен бастауы керек. Бала көргенін жасайды. Отбасында күнделікті тамақтану тәртібі, толық ұйқы, дәрумендерді тұтынуды әдетке айналдырған жөн.

– Бүгінде балалар арасында қандай аурулар жиі кездеседі?

–Бүлдіршендер көп жағдайда, ауруды бала-бақшадан жұқтырып алып жатады. Таңертең, кешке баланың аузын тұзды сумен жиі-жиі шайып, сұйықтықты көп ішкізу қажет. Күз бен көктем айларында ауырмаған болса қалың киіндірмей суыққа үйреткен абзал. Ал жаңа туған сәбиді таза ауаға шығарып тұрған дұрыс. Кейде ата-аналар баланы тым қорғаштап, стирильді түрде ұстап жатады. Ондай кезде бала қоршаған ортаға төзімсіз болып өседі. Ешқайда шығармай, бірден бала-бақшаға апарған кезде бүлдіршіннің иммунитеті вирусқа қарсы тұра алмай, бала әлсіреп, ауыра береді. Сонымен қатар, жиі кездесетін тамақ ауруы мен тұмаудан сақтану үшін екпені уақытылы алып тұрған дұрыс.

– Жас аналарға қандай кеңес айтар едіңіз?

– Баланың иммунитетін көтеретін дәрі болмайды. Ауырып қалса, балаға бірден антибиотик бермей, денсаулығын 3 күн бақылау керек. Антибиотик инфекциямен қатар, иммунитетті, яғни сау клеткаларды да өлтіреді, сосын ауырып қалған жағдайда антибиотиксіз жазылмайтын болады. Әрине, кей жағдайларда антибиотиктің көмегі бар. Дегенмен оны ауырған сайын үнемі беріп отырудың қажеті жоқ. Мұрынға инфекция түскенде, ағза су бөліп, мұрыннанан су ағады да, инфекцияны сыртқа шығарады. Дене қызуы жоғарылағанда, инфекцияны өлтіреді, өлген инфекция қақырыққа айналады, оны шығару үшін бала жөтеледі, асқазанға инфекция барғанда құсып, іші өтіп шығарып тастайды. Ал біз осы табиғи құбылысқа кедергі жасаймыз, ыстығын тез түсіріп тастаймыз, жөтелге қарсы дәрі беріп, мұрнындағы суды тоқтатып, құсқанын, іші өткенін басатын дәрі береміз, «тамақты же» деп аузына нығыздаймыз. Мұны бәрі дұрыс емес. Ең бастысы, баланы жіті қадағалап, сұйықтықты жиі-жиі беріп отырса, көп сырқаттың алдын алуға болады.

– Сұқбатыңызға рақмет!
Әсел Рзаева
07 мамыр 2023 ж. 2 703 0