Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Гипс өнімдері өзімізде өндіріледі

Гипс өнімдері өзімізде өндіріледі

Жаңақорғанда жалпы қандай құрылыс заты болмасын сұранысы өте жоғары тұрады. Әсіресе, үй мен ғимаратқа арналған кез келген тауар өте өтімді. Біздің кәсіпкерлер сырттан дайын өнім тасымалдаудан гөрі өндіріс саласын қолға ала бастады. Оның ішіне, қабырғаға қатысты, ішкі әрлеу жұмыстарына керекті желімдерді де қолға алдық. Солардың көшінде гипстен түрлі тауар жасау сәнге айналды. Ауданда бұл бизнесті серік еткен санаулы ғана азамат бар, олардың жасаған ісіне көпшілік баға беріп қойған еді. Біз бүгін Бірлікте тұратын Мұратбек ағамызбен байланысып, кәсібінің қыр-сырын зерделедік.


Жалпы бұл кәсіптің түрі мүсіндер жасауға ғана емес, үйдің терезесі, есік жақтауы мен ішкі беттегі аркаларға көп қолданылады. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз қалаған тапсырысқа сай дизайн жасай алады. 6 жылдан бері жанына жалау етіп, кәсіби тұрғыда айналысып келеді екен.

– Өзім негізі өнерге жақын адаммын. Суретші болдым, кейіннен ән өнеріне ауыстым. Түптеп келгенде, қаннан сіңген қасиет жібермеді. Өйткені, ата-бабамнан мұра болып келе жатқан қолөнерлік маған да жұғыпты. Бұл кәсіпті жас кезімде арман ететін едім, уақыты келіп 80 000 теңгемен бастап кеттім. Екі қалып сатып алдым да дизайн, модулін барлығын қолдан жасап бастадым. Шүкір, қазір кәсібім ілгерілеп, тапсырыс өзге өңірлерден де келуде. Мәселен, Тараз, Түркістан және Шиеліден көптеп тапсырыс қабылдаймыз.

– Алдағы жоспарыңыз қандай?

– Цехты кеңейтіп, баспалдақтардың арнайы формулаларын құюды ойластырып жүрмін. Оның барлығы қаражатқа келіп тіреледі. Жобамның аты – өнергипс деп аталады. Қазір “Атамекен” Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалының директоры Асылжан Жолдасбековтен бағыт-бағдар алып, грант пен төмен пайызды несие алуға ниет білдірудемін. Әрі ауылдағы жұмыссыз жастарға жұмыс көзін ашып берсем деген де жоспарым бар. Осыған дейін екі жігітті шәкірт еттім, бар білгенімді тәжірибе жүзінде үйреттім. Жақында Қазалы мен Байқоңыр қаласынан жастар келіп, практика жасап, біліктілігін толықтырды. Одан кейін, Жетісайдан да келген жігіттер бар, жалпы үйренемін деген ынталы жандар болса есігім әрдайым ашық. Иә, үйреніп қана қоймай кәсібіне идірген болса нұр үстіне нұр болады. Біз Байқоңырдан келген Нұрсұлтан есімді жастың осы бағыт бойынша бизнесін дөңгелетіп отырғанын естідік. Негізі гипстен шыққан кез келген тауар сұраныссыз емес. Оны аудан орталығында тұратын Өркен есімді кәсіпкердің шағын цехынан жиі көретінбіз. Сондықтан бүгінгі кейіпкердің шағын бизнесінің болашағына сенуге болады. Өйткені, гипс өнімдері бір бағытта ғана емес, бірнеше бағытта жұмсала береді.

– Қолөнер кәсібі өте төзімділікті қажет етеді. Тапсырыс берген әрбір тұтынушының талғамына сай дүние жасау үлкен жауапкершілік. Сондықтан, қолым қалт етсе болды ізденіс үстінде жүремін. Аудан нарығында қатты танымал болмасам да, өз өнімдерімнің сапасын барынша жақсартуға ынтажігерімді салып жүрмін. Ең бастысы, тұтынушыларым бар, сапаға мін айтқанды көрмедім. Рас, кейде дұрыс шықпай қалуы мүмкін. Дегенмен мүмкіндігінше бір қателікті екінші қайталамауға тырысамын. Осы қағиданы шәкірттеріме үнемі үйретіп отырамын. Бұйырса, кәсібім кеңейіп жатса, тек аудан емес, облыс нарығына жорыққа шығамыз, – деді Мұратбек Нәлібаев.

Ағамыз шикізатты Түркістаннан, Жаңақорған сауда үйлерінен алатынын айтты. Жол шығыны бар, қаншама қоспалары бар, барлығын өзі рттеп отырады. Ата кәсіпті перзенттеріне мирас етуді армандайды. Әзірге нәпақасын тауып, көпті дайын өніммен қамтамасыз етіп отырған жайы бар. Алты жыл төккен тердің жемісі енді ғана еңсе тіктетіп, үлкен нарыққа жол ашыпты. Берекелі Бірліктегі Мұратбек ағамыздың өнерін қажетіне идірген аудандағы ағайынның айтары тек алғыс.

Әли Жарықбаев

23 маусым 2023 ж. 643 0