Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Желім өзімізде өндіріледі

Желім өзімізде өндіріледі



Қазіргі нарықта құрылыс заттары үлкен сұранысқа ие. Іргетасынан бастап, есігінің ілгегіне дейін базар дүкендерінің саудасын қыздырып тұр. Өтйкені, ірі мегаполисте ғана емес, аудан, тіпті ауылдарда да құрылыс саласы қатты қарқын алып келеді. Біздің ауданда жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үйлер мен әлеуметтік ғимараттар саны жыл сайын артпаса, кеміген емес. Сұраныс болған жерде бәсеке де, сапа да аса маңызды. Осындайда отандық өнімнің өрісін кеңейтіп, жергілікті тауарларды тұтынуға мүмкіндік берсе баға да реттелетін еді. Жаңақорғанда соңғы жылдары құрылысқа қажетті тауарларды өндіру қолға алынуда. Солардың қатарын күшейтілген желім, яғни кафельді клей толықтырды.
Күшейтілген желім қолданыста кафельді клей деп аталады. Қазір үй құрылысының, оның ішінде асхана мен жуынатын бөлмелерге кафель көп қолданылады. Соған қарай түр-түрі көбейіп, саны да арта түсуде. Қызметін бастағанына екі айға жуықтаған кәсіпкерлік нысанды көріп, жастардың жұмысымен танысуға арнайы бардық. Кәсіп иесі Ердәулет есімді жас жігіт. Қарамағанды екі қызметкері бар ол биылдан бастап жаңа бизнесті бастауды қолға алыпты. Сұхбаттты кафель жабыстыруға арналған күшейтілген желім кәсібін қолға алғандағы мақсаты жөнінде айтудан бастады.
– Өзім бала кезден кәсіпкер болуды армандағанмын, уақыт өте келе аудандағы әк зауытына жұмысқа орналастым. Сол қызметте жүріп, өзімде де осындай шағын зауыт болғанын қатты қалайтын едім. Әйтеуір Алла тілегімді қабыл етіп, көп ұзамай мен де цех ашуды бастадым. Бұл кәсіпті ашуға әлеуметтік желіден жинаған тәжірибем себеп болды. Ал, кәсібімді дөңгелетіп әкетуге туыс ағамның мол ықпалы болды, – дейді Ердәулет Мадиярұлы.
Ердәулет ауданның тумасы, Өзгент ауылындағы мектепте тәлім алып, кейін аудан орталығына көшіп келеді. Өзін бизнес саласында көргісі келіп, достарына ұсыныс жасайды. Алдымен банктен 2 млн кредит алып, шикізатты Алматы мен Шымкент қаласынан алдырады. Қос досы демеу болып, үш жігіт жұмысты бастайды. Қабы мен қажетті қоспаларын, цемент пен мрамор тастың үгінділерін өзге өңірден алдырып, құмды жергілікті жерден тасымалдап отыр.
– Әзірге күніне 150 қап шығарудамыз. Сапасына кепілдік бар. Қазақстанның кез келген желімімен бәсекеге түсе алады. Оны алғаш өнім шығарған уақытта өзге желімдермен салыстырып көрген болатынбыз. Егер құрылысқа қажет деп іздеген тұтынушылар болса «Ақ жол», «Қара бура» және «Жігер» құрылыс заттарын сататын сауда орталығынан алуына болады. Ал, егер көтерме бағада тонналап аламын десеңіз жекеме шығып, тапсырыс беруге болады. Қазір қоймада 10 тоннадай дайын қап бар, дүкендерден бөлек, Алтыкрантта салынып жатқан жаңа мектеп құрылысына және Шиелідегі сауда үйіне де саудалап жатырмыз, – деді жас кәсіпкер.
Өнімнің құрамын арнайы сатып алдым дейді. Мүмкіндік болса қымбаттау түрін шығаруды қалайды. Ол бұл іспен шектеліп қалғысы келмейді, қаржы толығып жатса қосымша тағы құрылыс заттарын шығаруды көздеп отыр. Ол үшін арнайы мамандар курсын оқып, жаңа идеяларды сұрыптап жатыр. Бірінші бағыты үй қабырғасының сыртқы қабатын сырлайтын өнім шығаруды мақсат тұтыпты. Өйткені, қазір қызыл кірпіштен басқа кез келген құрылыс қабырғасының сыртқы келбетін әрлеу сәнге айналған. Бұл тауарлардың нарықта тұтынушысы өте көп. Сондықтан да кейіпкеріміз осыны ескеріп отыр. Ердәулет Ержанов әзірге өз күшімен ісін ілгерілетуге тырысуда. Мемлекет тарапынан қолдау көрмедім дейді. Жеңілдетілген несие немесе қайтарымсыз қаржыға да құжат тапсырмаған. Егер қолдау болса, біріншіден цехтағы құрылғыларды жаңалатып, заманауи түрге көшуді жоспарлауда. Екіншіден, тапсырысты мол қабылдап, қосымша қызметкерлерді тартуды көздейді. Жалпы ғимараттың ішкі және сыртқы құрылысына қажетті отандық желімді нарыққа шығарып сатуды бастаған осындай жастар Жаңақорғанда аз емес. Енді жас кәсіпкерге һәм отандық өнімге қолдау көрсетіп жіберсек нұр үстіне нұр болар еді.

                                                                                                                                          Әлібек Жарықбаев
01 сәуір 2023 ж. 345 0