№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қарапайым заттар экономикасындағы еншіміз қандай?

Қарапайым заттар экономикасындағы еншіміз қандай?


«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының түпкі мақсаты – «Made in Kazakhstan» брендімен шығатын тауарлардың үлесін арттырып, экспорт көлемін ұлғайту. Яғни ішкі және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті, сапалы және қолжетімді өнімдердің санын еселеп арттырады. Бұл айналып келгенде, кәсіпкерлік саласына серпін беретін бағдарлама екені даусыз. Біздің аудан кәсіпкерлерінің бағдарламадағы үлесі қандай?


Былтыр Үкіметте «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының нәтижесінде 2025 жылға қарай барлық 365 өнімнің өндіріс көлемі 2,4 есеге артып, нарықтағы импорттың үлесі төмендейді, олардың ішінде, 247 азық-түліктік емес өнеркәсіп өнімдері бойынша өндіріс 1,5 млрд. доллардан 3,1 млрд. долларға дейін өседі, импорт үлесі 82 пайыздан 59 пайызға дейін төмендейді.
Әрине, бағдарламаның мұраты күнделікті өмірде тұтынатын тауар түрлер: киім-кешек, тұрмыстық заттар, ауылшаруашылық өнімдері және т.б жатқызуға болады. Бір ғана мысал, Түркия мен Қытайдан киім тасу ағыны коронавирус кезінде саябырламаса, әлі тоқтаған жоқ. Ал біздің аудан қандай тауар өндіру айналымын жүзеге асыруда, осыған тоқталсақ. Алдымен аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мәліметіне сүйеніп көрейік.
Жалпы Сыр өңірінде 106 жоба мақұлданып, қаржыландырылса соның 16-сы біздің ауданға тиесілі. Қарапайым заттар бойынша кәсібін ілгерілету мақсатында жеңілдетілген несие алған шаруалардың саны 15-ке жетті. Біреуі «ATF» Bank-тің еншісінде. Бағдарламаға қатысып, несие алып, ісін өрге сүйреген аудан тұрғындарының көбісі мал шаруашылығына дем беруде. Төрт түліктен табыс табудың қам-қарекетін істеп, табиғи өнім өңдеуде біздің аудан облыста озық. Өйткені аймақтағы мал басы санының жартысына жуығы Жаңақорғанның үлесінде.
– «Қарапайым заттар экономикасы» бағдар­ламасының ерекшелігі икемді шарт­тарында. Бағ­дарлама нарықты отандық тауар­лармен толық­тыруға бағытталған. Құжат үнемі жетілу үстінде, онда бизнестің пікірі ескеріліп, қызмет бағыттарымен толықтырылады. Жалпы қара­пайым заттар экономикасының даму деңгейі енді ілгерілеп келеді. Сондықтан мемлекеттік бағдарламалар тұрғындардың өнім өңдеу ісіне үлкен демеу болуда, – деді бөлім басшысы Қаржыбек Бүркітбаев.
Өнім өндіруге кіріскен 15 шаруаның көбі жылқы малына дем берген. Өйткені оның сүті мен еті өтімді. Сол секілді қой мен ешкіні дамыту бағытында да алынған несиелер бар. Тек көктөбелік Ермаханбет Әуелханұлы түйе жануарына көңіл бөліпті. Өйткені өзі түйе шаруасына икемді, бала кезінен бағып, бүгінде берекелі бизнеске айналдырып отыр.
– Қарапайым заттар экономикасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы несие алып, түйе бағытында еңбек етіп келемін. Белгілі мөлшерде қаржы көзін алып, сүт бағытында өнім алудамын. Сұраныс артқан сайын өнім көлемі де еселене түседі. Көбіне Түркістан, Шымкент шаһарынан тапсырыс түседі, тонналап тиеп кетеді. Бірақ биыл шаруа сәл бәсеңдеп қалды, бұрынғыдай той-жиын жоқ. Қазақта «мал баққанға бітеді» деген тәмсіл бар ғой, сондықтан қай жануар болмасын күтімді қажет етеді. Қарасаң табыс көзіне айналады, тірлігіңді ілгерілендіреді, – деді Ермаханбет Есманов.
Жалпы түйе сүті көптеген ауруға ем, ауыр науқастан емдеп жазуда да түйенің қымыраны, әсіресе сүті маңызды. Оның үстіне, түйе көп күтімді қажет етпейді, тіршілік иесі болғаннан соң, ол да ауырады, бірақ өзге жануарларға қарағанда ыстыққа да, суыққа да төзімді. Одан бөлек, сүтінің қаншама шипасы бар, сондықтан осындай өнім өңдіру бағытында тірлігі тұралап жүрген кәсіпкерлерге қолдау әрине қажет-ақ. Одан бөлек, Жаңақорғанда ағаш өңдеу ісі, тағам түрлері, сусын шығару секілді керегесі кең кәсіп түрлері бар, бірақ әлі де жетілдіре түсу керек секілді. Өйткені қаржылай қолдау бар, кәсіпкерлік бөлімі мен кәсіпкерлер палатасы жүйелі жұмыс жасауда.
Біздің ауданда мал шаруасынан бөлек, киім өндірісі, басқа да шағын кәсіпшіліктің тынысы ширамай тұр. Бұл біздің ауданға ғана емес, жалпы елдің экономикасына қатысты өзекті мәселе. Келер жылдан күтеріміз көп, мәселен, шұлық тігу кәсібі қолға алынса бұл ауданда жеңіл өнеркеәсіп саласына серпін берер еді. Жалпы алғанда қарпайым заттар экономикасында ұтқан тұсымыз бен еншілеген олжамыз әзірге мал шаруашылығымен шектеліп тұр. Қалғаны уақыт еншісінде.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
27 желтоқсан 2020 ж. 492 0