Ветеринария мамандығының маңыздылығы
Бүгінде малдың жай-күйін баласынан кем күйттемейтін ауыл адамы таңертеңгі тірлігі алдымен қора жайынан бастайтыны белгілі. Егер ішінде біреуінің жайы көңілінен шықпаса дереу ауылдағы мал дәрігеріне хабарласып, дер кезінде ем-домын жасайды. Құдды, адам емдегендей. Үш мезгіл уколын салып, жарақаттанған жері болса дәрімен таңып, дым татпай қалса аузына дәрі құйып, емдеп кетеді. Осы ретте заңды сұрақ туындайды. Мал дәрігерінің жалпы жағдайлары қандай? Айлығы шайлығына жете ме? Жұмысына жеңілдіктер қарастырылған ба?
Ащы болса да шындық, біздің қоғамда мал дәрігері мамандарының мәртебесі жоғары емес. Неге? Еліміз жаһандық бәсекеге кіру үшін, ауыл шаруашылығына басымдық беруді көздеп отырғаны жиі айтылып та, жазылып та жүр. Бірақ біз үміт күткен саладағы мал дәрігері мамандарының табысын естігенде көңіл құлазиды. Анығын айтқанда, ауылдық жерлерді мал шаруашылығын былай қойғанда, қаладағы ит-мысық, құс өсіретіндер мал дәрігерлік емханаға жиі жүгінетіні анық. Олар жан-жануарды емдеп қана қоймайды, аурудың алдын алу үшін екпе салып, қажет болғанда ота жасайды. Сонымен қатар малдан өндірілетін ет, сүт өнімдерінің сапасына бақылау жүргізеді. Көктем шықса, тізеден қи кешіп, елдің қорасынан шықпайтын да сол баяғы қарапайым мал дәрігерлері. Уақытылы екпесін салады, қан талдауын алады. Қыс-жаз демей ауру малға көмек көрсетуге әрқашан дайын тұруы тиіс. Сондықтан бұл салада жүрегі мейірімге толы, жарқын, жігерлі, жүйкесі мықты адамдар жұмыс атқарса ешқашан кәсібін ауырсынбасы кәміл.
Бірақ ветеринария мамандығының мән маңызын түсініп жатқандар аз. Неге? Осы тұста аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Марат Қазыбаевтан сұрап білген едік.
– Ветеринария саласының негізгі қызметі – аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу. Оны диагностикалау, малдан алынатын тамақ өнімдері мен шикізаттардың адам өміріне қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Кеңес одағы тарқаған уақытта біздің салада да тоқырау болды, ауданда осы мекемеде 3 адам ғана қалдық, жалақысыз жұмыс жасадық. Сол уақытта ел арасында мал дәрігерінің беделі түскенін жасырмаймын. Алайда, соңғы уақыттары мемлекет тарапынан жақсы жағдай жасалып жатыр. Біздің мекемеде 150 ветеринар маман жұмыс жасайды. Әсіресе, соңғы уақыттары осы мамандықты оқып келген жастар өте көп. Жұмыспен қамту бөлімінде кезекте қаншама адам тұр. Биылғы жылдың өзінде жастар практикасымен онға жуық маман келіп жұмыс жасады. Уақыт өте келе жағдайымыз жақсарды. 26 округте арнайы учаскеміз бар. Әрқайсысында бас дәрігер, арнайы маман, еден жуушы сынды қызметкерлер қарастырылған. Барлығында да арнайы көлік, құрал жабдықтары бар.
Ауданда 2022 жылға арналған жануарлардың аса қауіпті аурулардың профилактикасы бағытында ветеринариялық іс-шаралардың жоспары бекітілген. Осы жоспарға сәйкес 15 түрлі аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы алдын алу, егу жұмыстары мемлекет тарапынан тегін жүргізіледі. Жануарлардың жұқпалы емес және инвазиялық ауруларына Ветеринария туралы Заңның 13 бабына сәйкес ақылы түрде қызмет көрсетіледі. Ауданда аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу жұмыстарының дер кезінде жүргізілуі нәтижесінде қазіргі таңда ауданның эпизоотиялық жағдайы тұрақты. Ешқандай аса қауіпті жұқпалы ауру тіркелген жоқ. ҚР-ның Үкіметі бекіткен тізбе бойынша аса қауіпті жұқпалы 12 түрлі және энзоотиялық 6 түрлі ауруларға қарсы алдын ала егу жұмыстары жыл бойына жоспарға сәйкес тегін жүргізіледі. Ол үшін тұрғындар малына сырға салдырып, ветеринариялық төлқұжат жасату қажет. Сонымен қатар алдағы уақытта жұқпалы емес ауруларды емдеу үшін және ине шаншу жұмыстарына ақылы қызмет көрсетілетін болады. Бұл 12 ауру түріне: аусыл, лептоспироз, пастереллез, сібір жарасы, нодулярлы дерматит, қарасан, оба, туберкулез, күл, энтеротоксемия, құтыру, эхинноккоз жатады. Ал энзоотиялық аурулардың тобында: пираплазмоз, тейлериоз, фасциолез, гастрофилез, сақау, трипанасомоз бар. Вакцина бізде есепте тіркелеген мал басына ғана тегін екенін халық ескеру керек.
– Бұл салаға биыл қандай көмекқолдаулар болды?
– Мемлекет басшысыныңауыл шаруашылығына басымдық беруі ветеринария саласының тамырына да қан жүгіртті. Бұл салаға жас мамандар келуде. Сала мамандарының ветеринариялық іс-шараларды атқарудағы жұмыстары өте ауыр және аса қауіпті ауруларға қарсы тірі вакциналармен тікелей жұмыс жүргізеді. Алайда, зияндылығы бойынша ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған. Сондықтан да еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын кәсіптердің тізбесіне енгізілуі қажет.
Бүгінде аудан бойынша ірі қара – 77 992, қой мен ешкі – 27240, түйе – 2171, жылқы – 27240, есек – 208 басты құрап отыр. Негізінен бірдейлендіру дерек қорының базасына мал саны күнделікті тіркеліп, қосылып отырады. Сондықтан қазір заманына қарай мал бағу әдісі де өзгерген. Әрбір жеке және заңды тұлға «Ветеринария туралы» Заңның 25-бабына сай ветеринария саласындағы ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi (сырғалатуды, таңбалатуды) қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығы жануарларын сату, сою, өзге адамға сыйлау, мал егесінің мекенжайы өзгерген жағдайларда компьютерлік дерек қоры мен малдың ветеринариялық паспортына өзгерістер толтырылады. Жануарларды тасымалдау, мал базарына алып бару, орнын ауыстыру жағдайында міндетті түрде ветеринариялық анықтама алу қажет. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында мал жайлы мәліметтер тек дерекқор базасында сақталатын болды. Бұл да атаулы мамандық мәртебесін көтеру, олардың жұмысына жәрдем көрсетудің оңтайлы тәсілі десек артық болмас.
– «Медицина – адамды, ал ветеринария – бүкіл адамзатты емдейді» деген қанатты сөздің ұран емес, күнделікті қажеттілік екенін ұғатын кез жеткен сыңайлы.
– Мал дәрігері маманы қызметінің тағы бір қыры – ол қауіп қатермен де жиі бетпе-бет келеді. Жылдың қай мезгілінде болмасын белгілі бір ауруға шалдыққан төрт түлікті алдымен мал дәрігері тексеріп, ем-дом шараларын атқарады. Кей жағдайларда ауру түрін анықтау үшін малдың өлексесімен жұмыс істеуге тура келеді. Сібір жарасы, туберкулез, бруцеллез, аусыл, қарасан, індетті лимфангоит, қатерлі ісік, сап, құтыру сияқты сан түрлі жұқпалы аурулармен жалғыз күресуге мәжбүр. Аталған ауру түрлерінің адам денсаулығы үшін қаншалықты қауіпті екені айтпаса да түсінікті.
– Нақ бүгінгі күндері аудан тұрғындары қаңғыбас иттердің көбейгеніне дабыл қағуда. Әлбетте, қаңғыбас иттердің жүрген жері тұрғындар үшін өте қауіпті. Бұл жөнінде елге не кеңес бересіз?
– Біздің мекеме иесіз ит пен мысықты жою жұмысымен де айналысады. Алайда, көпшілік жақсы біледі, итмысықты атуға заңмен тиым салынды. Аталған заңға сәйкес бүгінгі таңда қаңғыбас ит-мысықтарды аулап жоюға заң жүзінде рұқсат жоқ. Сонымен қатар, жануарларға қатыгездік көрсету ӘҚБтКның 407-1-бабы және ҚР ҚК-ның 316 бабы бойынша жауаптылыққа әкеп соқтыратыны көзделген. Сол себепті, тұрғындарға айта кетейін, ит атаулының бойында құтырма аурулары да бар. Онымен ауырған иттердің мінез-құлқы, жүріс-тұрысы өзгеріп, оғаш қылықтар байқата бастайды, мысалы, себепсіз үріп немесе еңсесі түсіп, үретін жерде үрмей, адамдарға, малдарға, заттарға себепсіз тап беріп, өзін-өзі тістеп, тамақ ішпей, көзіне көрінген заттарды ағашты, тасты тістеп шайнайды. Үрген дауысы қырылдап, аузынан сілекей мол бөлінеді. Осындай белгілері байқалған сәтте иттер адамға тап берсе, өлім қаупіне әкеледі. Сондықтан да, әрбір адам өз қауіпсіздігіне мән бергені абзал. Ит келерін анықтап рұқсатын алу керек деген заң ауыл менталитетіне сәйкес келмейді. Бұл ретте аудандағы тиісті салалар заңдылығын қарастырып, халықтың қауіпсіздігін орнықтыру мәселесіне жауаптылықпен қарауымыз керек.
– Сұқбатыңызға рақмет!
Иә, заң бәрімізге ортақ. Заң аясынан асып ештеңе істей алмаймыз. Әйтсе де, жауапты сала мамандары мен жергілікті қызметкерлер ортақ шешімге келіп, қандай да бір қауіпсіздік шараларын жүзеге асырса көптің көңілі де орнына түсер еді.

Әсел РЗАЕВА