Соңғы жаңалықтар

№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » » Колледжде қандай техникалар бар?

Колледжде қандай техникалар бар?

Студенттер колледжде қандай құрылғылармен қамтылған? Яғни, оқу орнындағы заманауи құрылғылар іс жүзінде қалай жүзеге асуда. Алдымен көлік жөндеу кабинетіне келдік. Бұл кабинетте көліктің әрбір техникасын бөлшектеп үйретеді. Екіншіден, планшет арқылы және үлкен экранды арна арқылы түсіндіру сабағына да қатыстық. Жалпақ тілмен айтқанда, балаларға көлікті басқарудан бастап, әрбір құралсайманына дейін түсіндіріледі. Сол секілді, бүгінгі күннің мамандығы болған токарь кабинетіне де бардық .Ал, қыздар тігін шеберханасы мен асханасына да ерекше тоқталуға болады.

– Тероиялық және практика өтетін оқу шеберханалары толық заманауи техникалық құралдарымен қамтылды. Оның ішінде «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша теория кабинеті «Вертуальды дәнекерлеу тренаржер», «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және пайда­лану» мамандығының теория кабинеті Вертуальды автотренажеры, студенттерге арналған 25 планшет, автокөлікті жүргізіп үйренуге арналған заманауи құралдармен жабдықталған. Ал шеберханаларға келетін болсақ «Автокөліктердің ақауын табатын диагностикалық аппараттар инжектор тазалайтын құрылғылар, автокөлік бөлшектерін, көліктің электроақауларын анықтайтын құрылғылар, дөңгелектердің тепе-теңдігін анықтайтын құрылғылар, автокөлік көтергіштері, білім алушыларға толық үйренуге арналған қозғалтқыштары, матор майларын ауыстыратын қозғалтқыштар, беріліс қорабын ауыстыратын құрылғылармен» жаңа заманауи технологиялармен толыққанды қамтылды. Дәнекерлеу шеберханаларындағы барлық дәнекерлеу замануи үлгіде студенттерге қолайлы түрде жабдықталған, – деді колледж директоры міндетін атқарушы Д.Тұрсынхожаев.
Шыны керек, көзбен көріп, практика жүзінде сабақ өткен әр балаға колледждегі технологияларды меңгеру қиын емес. Бұл бүгін мен болашақтың мамандарына қажетті құрылғылар...
04 желтоқсан 2022 ж. 1 722 0