Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңарып, жаңғырған колледждің тыныс-тіршілігімен танысты

Жаңарып, жаңғырған колледждің тыныс-тіршілігімен танысты

Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов, аудандық мәслихат хатшысы Ғалымжан Сопбеков пен мәслихат депутаты Нұрлат Байгенже Жаңақорған аграрлық-техникалық колледжіне барып, жаңара түскен білім ордасының материалдық-техникалық базасымен танысты.
Сөз жоқ, колледждің кешегісі мен бүгінгі айырмашылығы жер мен көктей. Яғни 60 жылдан кейін күрделі жөндеуден өткен білім ордасы заманға сай жаңарған, жаңғырған.
Бүгінде тәлімгерлердің теориялық білімімен қатар практикалық тұрғыда біліктілігін арттыруға жан-жақты жағдай жасалған.
Әсіресе, киім тігу, көлік жөндеу, дәнекерлеу, аспазшы мамандығы бойынша кәсіби маман болып қалыптасуға мүмкіндік мол. 
Елбасының тікелей қолдауымен елімізде заман талабына сай жаңаша мазмұндағы мамандарды даярлау бағытында «Жас маман» жобасы дүниеге келді. Онда жетекші өндіріске қажетті заманауи кадрлар жасақтау үшін ең алдымен мамандар даярлайтын оқу орындарында материалдық  - техникалық базаны жаңарту маңыздылығы басты орынға шықты. Осы мақсатта сұранысқа ие 100 мамандықтың тізбесі нақтыланып,еліміз бойынша 180колледж таңдалса оған облыс бойынша 30 өндірістік оқу орны арасынан лайықты есептелген 9 колледждің бірі – осы Жаңақорған аграрлы техникалық колледжі бар.
2019 жылы оқу корпусы мен жатақхана ғимаратын жөндеу жұмысына «Жол картасы» аясында  республикалық бюджеттен 500 млн 303 мың теңге бөлініп, бұл қаржыға алғаш қазығы қадалған алпыс жылда  тұңғыш сүйегінен өңгесі  түгел өзгертіліп, сыртқы тоны тозығынан арылып, шатырлары қайта жаңарып,жүзіктің көзінен өткендей жұтынып шыға келген. Газ отынымен де, дизель отынымен де жылытуға бейімделіп, қайта жасақталған 8 ғимараттың бу қазандығы тұтасымен бір орталыққа жүйеленді. 100 балаға лайықталған жатақхана үйі толық жөндеуден өтті. Заманауи үлгіде 200 орындық асхана ашылды. Пән кабинеттері жаңадан жасақталды. Тігін шеберханасына 27 заманауи тігін машинасы алынды. 500 түрлі нақышты әрекетке қабілетті компьютер тігін технологиясының  әлеуеті  бәрінен басым, оның қызметі нәтижесінде ұлттық киімге өрнек салудан басқа айналадағы кәсіпорындар мамандарына арнайы эмблемасы тігілген қызмет формаларын дайындауға мүмкіндік туды.сұраныс артып отыр. Осындай ілгерілеудің арқасында бұған дейін оқытылып келген 14 дәстүрлі мамандықтарға жаңадан бес мамандықтың түрі қосылды. Атап айтқанда, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, бағдарламашы, есеп және аудит, жеміс және көкөніс шаруашылығы және маркетинг саласы оқытылмақ.Бұдан бөлек тәуекел еткенге  тағы жаңадан жеті-сегіз мамандық түрін қиналмай ендірудің сәті келіп тұр.
Колледжге келген жаңа техниканың бастыларына тоқталсақ,олар италиялық құны 18 миллионға жуық тұратын  заманауи 3Dтехникасын қолдана отырып, оқытуға арналған интерактивті модуль жүйесі 25 планшетімен қоса құрамда пән кабинетінде сақадай өзір тұр. Құны  11 млн тұратын  бұзылған көліктердің ақауын анықтауға арналған екі камералы Италияның компьютер құрылғысы,  АҚШ-та жасалған жүк көліктерінің  дизельді қозғалтқыштарының құрылысын жөндеу және қызмет көрсетуін реттеу аппараты, бағалары 20 млн және 3 млн  тұратын германиялық автоматты пультпен басқарылатын автомобиль макетімен барлық маркалы автомобильдерді диагностикалау мүмкіндігі  барқұрылғы, италиялық заманаум жұмыс  станогы мен шиномонтаж құрылғысы, бағасы 17 млн тұратын швециялық  дәнекерлеу тренажер, контактілі дәнекерлеу аппараты алдағы уақытта бүтін елдің игілігіне жарағалы тұр.

Әсел РЗАЕВА
19 қазан 2021 ж. 497 0