№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Нар тәуекел - ер ісі

Нар тәуекел - ер ісі

  «Қалауын тапсаң  қар жанар» деген тәмсіл бар дана қазақта. Жолын тапсаң, табыстың көзін де табасың. Осы ретте қарапайым кәсібін дәмді тұшпара жасаумен  бастап, бүгінде елдің көңілінен шығып жүрген Қуаныш Байтұрсынұлының  жұмысын жан-жақты саралап қайттық. Еңбек жолын мемлекеттік қызметтен бастаған ол уақыт өте болашақта кәсіпкерлікпен айналысуды мұрат тұтып, бизнес жобасын жан-жақты түсініп,тасы өрге домалардай сезімде болғанын жасырмайды.Сөйтіп осы іске біржолата бел буыпты. Алғашында, өнімдерін орталық дүкендерге өткізіпті. Кей-келе самсаның түр-түрін сатылымға шығарып, сауда орталығындағы ауылдарға дейін арна салыпты. Қарауына алған өз ісінің мамандары ортақ талапты мүлт жібермей біркелкі самса бүгіп, тұшпара түйіп, тәтті торттардың түр-түрін ұсынуда екен.
     Екі жыл бұрын ғана бастаған  кәсібінен нәсіп тапқан Қуаныш Байтұрсынұлы бүгінде 20  қызметкерді жұмыспен қамтып отыр. Ауданның орталығынан бөлек Түгіскен, Қожакент, Машбек ауылдарына да түрлі дәмдерін тарқатып, халықтың ыстық ықыласына бөленуде. Кәсібін ілгері дамуы тура  2019 жылғы мемлекеттік грантты жеңіп алуы да біршама қолдау болғанын жасырмады.  
    Жары Қаракөз Бектөреқызы да қызметтен қолы қалт еткенде жанұялық кәсіптің басы-қасынан табылып, отағасына қолдау білдіріп, көмектесуден тынған емес.
    Аз ғана уақыт ішінде кәсіп көкжиегін кеңейтіп, екі аяғын нық қойған кәсіпкер азамат.  Адам тәуекелшіл болмаса бір орыннан жылжымайды. Мен бизнеспен айналысқалы осыны түсіндім.. Қазақта «Нар тәуекел – ер ісі» деген сөз бар ғой. Адам тәуекелшіл болу керек, сол кезде бір нәтижеге жетеді. Ешкімге тәуелсіз өз ісіңді өзің жүргізе алуға құдыретің жетіп тұрса ерен еңбек етуге болады дейді.  
   Дәмді өнім шығарып, жоғары сапалы жұмыс жасайтын полуфабрикаттың атауын  «Ар-Меди» депқоюының мағынасының мәнісіне келсек сұхбат барысында Қуаныш Байтұрсынұлы   Арсен, Арлен, Медина атты ұл-қыздарымның  бастапқы буыны деп жауап берді .  
   Өмірлік ұстанымым мақсатқа жеткенше тынбай, кедергіден сынбай алға қарай қадам басу дейді,- Қуаныш Байтұрсынұлы.
   Иә, бүгінгідей нарық заманында кәсіптің көзін тауып, оның тасын өрге домалату қып-қызыл еңбекпен келетін нәтиже. Ол  үшін де күн-түнмен санаспай жұмыс жасау маңызды.
16 шілде 2023 ж. 3 249 0