БӨТЕН ҰЛТТА БАУЫРЛАСТЫҚ БАСЫМ

Енді міне, екеуі де орта мектептен соң Ақтөбе қаласындағы Құдайберген Жұбаноа атындағы өңірлік мемлекеттік университетке бірге оқуға түсім, мамандық алып, туған жерлеріне оралып, өздері оқыған алтын ұы мектептеріне келіп ұстаздық етуде.
– Біздің атамыз бұл өңірге алғаш станция бастығы болып келген екен, – дейді Отабек Каюмжан бізбен әңгімесінде. Әкем Рысбай да сол кісінің жолымен теміржолшы. Ал анам үй шаруасында. Отбасында 4 баламыз. Ағам Қостанай облысы Жетіқара ауданында дәрігер. Екі қарындасым бар. Мектепте физика пәнінен сабақ беріп келемін» дейді. Ал екінші ұстаз жігітіміз – Алексан¬др Викторович Ногай мектепте биология пәнінен сабақ беріп келеді.
Кәріс жігіттің қазақшасы бізді жаңылдыратындай. Тілді қалай жетік үйрендің? деген сауалымызға: «Біз қазақ балаларымен бірге ойнап, бірге шомылып, балық аулап, бірге жарапазан айтып өскен жоқпыз ба» деп жауап берді ол күліп. Дұрыс айтады. Мұндағы өзге ұлт өкілдерінің дәстүр-салтының жергілікті ағайынмен кірігіп кеткені сондай, ас-ауқатын да ажырату қиын. Ет асып, бауырсақ пісірмесе жегендері бойына сіңбейтіндей.
Бір-бірінің ұлттық үрдістеріне де құрметпен қарайды. Бәрінен де бұрын татулықтары темірдей мықты.Бізді сүйсіндіргені осы.