Он саусағынан өнер тамған Шалқия кенті
Ол кісі бізді тұрғын үйіне жапсарлас тұрған шеберханасына бастады. «Сіз мал бағудан гөрі қол өнерін қолай көрдіңіз бе?» деп жатырмыз. «Анам Ақжайқынның шеберлігі маған жұққан шығар. Кезінде жоғарыдан келген талай дөкейді анамның өзі қолмен әдіптеп жасап шығарған зерлі өрнегі төгілген сегіз қанат үйінде күтіп, көңілін тапқан талайдың тасы өрге домалады ғой. Сол құнды бұйым бүгін егесі кеткен соң ешкімге керек болмай қоқыста жатыр. Мен осы олқылықтың орнын толтыруға талаптанумен келемін. Ана сүтімен бойыма сіңген бекзат өнердің болмысын өшіріп алмайын деп өздігімше әрекет қып, қолөнерінен қол үзген емеспін» деді кейіпкеріміз Болат Тұрлыбекұлы.
Бойында бар талантын кәсіби ұштауды мақсат еткен бұл азамат орта мектепті тәмамдаған соң шаруашылықта бірер жыл жұмыс жасап, одан әрі кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтейді. Оны бітірген соң, яғни 1985 жылы Подмосковьенің Таруса деген қаласындағы көркемөнер училищесіне «Ағашты өңдеу қолөнері» факультетіне оқуға түседі.
Оқуды бітіріп келген жас маман ретінде сол кезде жұмысы жақсы жүріп тұрған Шалқия кенті басшылығының сұранысымен осында жұмысқа қабылданып, кеншілердің балаларына арнайы салынып жатқан жаңа балабақшаға «Ертегілер қалашығын» жасап беруді міндетіне алады. Осы жұмысты сәтті аяқтап болған шеберді аудан басшылығы аттай қалап, орталық парк ішінде нақ осындай қалашық көшірмесін жасауды қолға алады. Содан қалған ағаштан жасалған мүсіндерді осы күні де саябақ ішінен көріп қаламыз.
Екі мыңыншы жылдарға дейінгі тоқырау кезеңі көп саланың жұмысын тоқтатып тастағаны анық. Солардың қатарында кен жұмысы да кедергіге ұшырап, жұмыскерлері жан-жаққа тарап, өркендеп келе жатқан өңір келбетінің өрісі тарылды. Одақ кезіндегі дүние-мүліктердің қатарында балабақшалар иелігі де қаңырап бос қалды.
2006 жылдан бастап Құлбаев Атырауда «Теңіз-Шевройл» компаниясына қарасты тігін цехының жұмысының жолға қойылуына тікелей араласып, жұмыскерлердің формасына логотив қондырумен айналысады. Ол жерде оншақты жыл жұмыс атқарып ауылға оралыпты.
Ол кездері біздегі мемлекеттік мекемелерде бұл салаға сұраныстың жоқ есебі. Бірақ шын иесін тапқан өнер жұтамайды. Мекемелері қысқарып, үйде отырып қалса да ұсталығын тоқтатпаған ағамыз ендігі жерде ауыл-аймақ тұрғындарының қажетін қанағаттандыратын тапсырыстарды қабылдап, ойындағыдай етіп жасап беруге барын сала кірісіпті. Ағаш бұйымдарының тұрмысқа қажет емесі бар ма, үй жиһаздары – оқтау-тақтайдан бастап, ас ішетін ыдыс-аяғына дейін, одан қалды жүк жиятын сандығы, үстел-орындық, кітап қоятын шкафы, барлығы осы кісінің қолынан шықты. Кісінің тілегі тұрмыспен ғана түйінделе ме екен, руханиятқа құштарлық деген бар ғой, алпыс екі тамырды идіріп, сұлулыққа сүйіндіретін өнер деген әлемнің күмбірін құлаққа құяр қазақтың домбырасын да жасап шығаруға ниеті көп ауыпты.Қолынан шыққан дүниелерін жағалай тізіп, көз алдымызға тосқанда соның әрбірінен жүрек үнімен үндес тапқан жанкешті еңбекті де танығандай болдық.
Соңғы кезде арнаулы ағаш жонатын аппарат сатып алыпты. Бүгінгі күні Ресейде, Қазақстанның кей жерлерінде ғана өсетін қайың, терек түрлеріне тапсырыс беріп отыр екен. Өйткені сала – бұл кісі үшін басты мәселе.