№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

№39 (8853) 27

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Дәрігер дәреметі



«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» дейді дана халқымыз. Ал, аурудың алдын алып, оны ерте емдеу үшін тәжірибелі маманның қажеттілігі түсінікті. Осы ретте, жаңақорғандықтар білікті жас дәрігердің дәреметін көріп қуануда. Ол – оториноларинголог дәрігер Бағлан Ерланұлы. Көпшіліктің көңілінен шығып, ағайынның алғысын арқалап жүрген жас маманды біз сенбілік сұхбаттың төріне шақырдық.

– Адам жанына араша түсу, оның өміріне қауіп төнгенде көмектесу оңай жұмыс емес. Дәрігерлікті мамандық атаулының ең күрделісі десек, қателеспейтін шығармыз. Гиппократқа ант беріп, дәрігерлік жолды таңдауыңызға не себеп?
– Мен атамның тәрбиесінде болдым. Есім кіргеннен атам маған болашақта дәрігер боласың деп үміт артатын. Сол кезде жоғары сынып оқушыларының оқулығы «Адам» деген кітап болушы еді ғой, атам қолы қалт етсе сол кітаппен таныстыратын. Сөйтіп, адам анатомиясын танып біле бастадым. Содан болар, ойланбастан осы маман­дықты таңдадым. Ата арманын орын­дауды да перзенттік бір борышым деп білемін.
– Еңбек жолыңызды қайдан бастадыңыз?
– Негізі Тереңөзек кентінің тума­сымын. Ақтөбедегі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетті «жалпы тәжірибелік дәрігер» кафедрасын тә­мам­даған соң, Сырдария ауданының емханасында екі жылдай қызмет еттім. Одан әрі Ақтөбеге қайта келіп, резидентурада 3 жыл оқып, ото­риноларингология және балалар ото­ри­ноларингологиясы мамандығын тә­мам­дап шықтым. Басшылықтың шеші­мімен Жаңақорған ауданына дәрігер болып келдім.
– Жалпы, біздің аудан тұрғындары арасында нақ осы сіздің салаңыз бойынша шағымдар көп пе?
– Иә, көп. Әсіресе, ең көп кезде­сетін сырқат – синуситпен шағым­данушы көп. Яғни, мұрын қуысының шырышты қабықшасының қабынуы. Сонымен қатар, климат құрғақ бол­ғандықтан аллергиялық ринитпен шағымданатындар көп. Ал, аденоид, яғни мұрын-жұтқыншақ безінің гипер­трафиясы 2-5 жас аралығында балалар­да көп кездеседі. 1 және 2 дәрежелі аденоидтар консервативті еммен, яғни дәрі-дәрмек арқылы емделеді. Ал, 3-дәрежесін хирургиялық жолмен ота жасау арқылы алып тастаймыз.
– Соңғы уақытта тұрғындардың мұрынның бітелуінен уақытша тамшыларды көп пайдаланатынын байқаймын. Бұл экологиялық ахуал ма, әлде аурудың бұл түрінің емі бар ма?
– Жалпы адам ағзасының қалып­тасуында мұрынның өсу аймағында мұрын пердесі болады. Адамдардың 90 пайызында осы перде қисық бітеді. Ол кейбір адамдарда байқалмаса, енді бірінің демалуына кедергі келтіреді. Егер демалуына кедергі келтірсе хирургия­лық жолмен ота жасалып, пердесін түзетіп қайта саламыз.
– Енді есту қабілетіне аздап тоқталсақ. Қазір қоғамда құлағы ауыр кісілер көп. Күн сәл салқындаса құлақ ауру асқынатындар бар. Оның себебі неде?
– Мұндай шағымдар көбіне мұрын­ның жұтқыншақ безінің дұрыс қалып­таспауынан болып жатады. Құлақта нистахиттік труба болады. Ол құлақ пен мұрынды байланыстырып тұрады. Мұрыннан салқын ауа кіргенде ол құлақты ауыртады. Соңғы уақытта коронавирус инфекциясы тарағалы осы қуыстың қабынуы жиілеп кеткен. Дәрігерлермен тәжірибе алмасу бары­сында осы мәселеге көп кезігеміз.
– Құлақтың аяқ астынан бітеліп қалуы, шуылдауы неден болуы мүмкін?
– Оның себебі көп. Науқас алдымен толық тексеруден өтуі керек. Құлақтың шулауымен де көп науқастар келеді. Кей адамдар құлағым дүкілдеп, жүрегімнің соғысы құлағымнан естілгендей болып тұр деген шағыммен келеді. Бұл жүректің сырқатынан болатынын ұмытпау керек. Гармондық бұзылыстар мен қалқанша безінің бұзылуынан да осындай жағ­дайлар болады. Ал, құлақтың шуылдауы болса оны да тексерістен өткіземіз. Ол құлақтың ішінде су болудан немесе жүйке жүйесінің зақымдануынан болуы әбден мүмкін.
– Біздің ауданда құлақ және мұрын қуыстарының ахуалын анықтайтын медициналық аппараттар бар ма?
– Бізде аудиометрия аппараты бар. Ол құлақтың есту дәрежесін анықтайды. Яғни, құлақтың қанша пайыз естіп тұрғанын, қандай ахуал бар екенін көрсетеді. Сонымен қатар, жаңа туған нәрестелердің есту қабілетін тексере­тін аппарат отоакустикалық эмиссия деп аталады. Ол аппарат жаңа туған нәрестенің есту жүйесі қалыпты жұмыс жасап тұр ма, ахаулығы бар ма, соны анықтайды.
– Кей адамдар құлағымның пердесі жарылып кеткен екен. Осы уақытқа дейін білмей жүріппін деп айтады. Жалпы, құлақтың пердесі қандай жағдайда жарылуы мүмкін?
– Кездейсоқ соққы алған жағдайда, ортаңғы құлақтың қабынуы кезінде жедел іріңді отитте құлақ пердесі жарылып кетеді. Бірінші қабынғанында науқас күтініп, уақытылы ем қабылдаса дабыл жарғағы қайта қалпына келеді. Егер күтінбей жүре берсе, жарылып қалып, естуі төмендей береді.
– Бір сөзіңізде ота жасаймын дедіңіз. Ауданда осы сала бойынша отаның қандай түрлері жасалып жатыр?
– Аудандық ауруханада 14 жастан бастап септопластикаға, яғни мұрын шеміршегінің қисаюы мен парацентезге ота жасап жатырмыз. Қазір отаға қажетті құрал-жабдықтар мен аппараттар бізге келмей жатыр. Алдағы уақытта қажетті инструменттер келген соң мұрынның гаймар қуысына, балалар аденоидына ота жасау жоспарда бар. Тонзилотомия отасын да жасауға болады. Ал, құлаққа ота жасамаймыз. Өйткені біздің облыстың өзінде құлаққа ота жасалмайды.
– Жалпы, бұзылған есту жүйесін қалпына келтіруге бола ма?
– Есту жүйесінің бұзылуының екі түрі бар: нейросенсорлық және кон­дук­тивті кереңдік. Естуді жақсарту операциясын жасау арқылы кондуктивті кереңдікті қалпына келтіруге болады. Ал, нейросенсорлы кереңдік те шал­дыққан науқас аппараттың көмегіне жүгінеді. Қазір біздің елде кохлеарлы имплантация деген ота түрі жасалады. Ол құлақтың ішіне қойылатын кіш­кентай аппарат. Бұрын бұл ота түрін Израильден, Индиядан келген мамандар жасайтын. Қазір үлкен қалаларда өзіміздің дәрігерлер жасап жатыр. Жақында ауданнан бір жарым жасар бүлдіршінді портал арқылы тегін кохлярлы имплантация жасауға Алматы қаласына жібердік. Бір жарым жылдан бері ешқандай дыбыс естімеген бала, құлағы ашылып, анасының даусын естіп, дүниеге жаңадан келгендей болды.
– Дәрігер ретінде тұрғындарға қандай кеңес айтар едіңіз?
– Бастысы, аурудың алдын алып, салауатты өмір салтын ұстану. Ауру өтіп кеткенше жүре бермей, ертерек дәрігердің көмегіне жүгінсе. Әсіресе ата-аналар Алланың аманаты – баланың денсаулығына үлкен жауапкершілік­пен қараса. Уақытылы скринингтерден өткізсе. Өйткені науқастың бойындағы ахуал қаншалықты ерте анықталса, соншалықты емдеп жазуға мүмкіндік басым болады.
– Сұхбатыңызға рақмет!
Айсұлу Алданазар
03 сәуір 2022 ж. 10 803 1

Jerold от 23 мамыр 2025 00:44
It's fantastic that you are getting thoughts from this post as well as from our discussion made here. meilleur casino en ligne Hello, Neat post. There's an issue along with your web site in web explorer, could test this? IE nonetheless is the marketplace chief and a large component to other folks will pass over your great writing due to this problem. casino en ligne I've been exploring for a little for any high quality articles or blog posts in this kind of area . Exploring in Yahoo I at last stumbled upon this website. Studying this information So i am satisfied to exhibit that I have a very just right uncanny feeling I found out just what I needed. I most without a doubt will make certain to do not fail to remember this site and give it a glance regularly. casino en ligne France I was suggested this web site by my cousin. I am not certain whether this post is written by way of him as no one else understand such distinct about my problem. You're wonderful! Thank you! meilleur casino en ligne I'm curious to find out what blog platform you have been working with? I'm experiencing some minor security problems with my latest site and I'd like to find something more risk-free. Do you have any suggestions? casino en ligne France Hey there would you mind stating which blog platform you're using? I'm going to start my own blog soon but I'm having a difficult time choosing between BlogEngine/Wordpress/B2evolution and Drupal. The reason I ask is because your design seems different then most blogs and I'm looking for something unique. P.S Sorry for being off-topic but I had to ask! meilleur casino en ligne Good blog you have here.. It's hard to find quality writing like yours nowadays. I honestly appreciate people like you! Take care!! casino en ligne Hello there! Do you know if they make any plugins to help with Search Engine Optimization? I'm trying to get my blog to rank for some targeted keywords but I'm not seeing very good results. If you know of any please share. Thanks! casino en ligne fiable Can I just say what a comfort to discover someone who truly knows what they are discussing on the net. You certainly know how to bring a problem to light and make it important. More people must read this and understand this side of your story. It's surprising you are not more popular given that you surely have the gift. casino en ligne Oh my goodness! Incredible article dude! Thank you, However I am having difficulties with your RSS. I don't know the reason why I can't join it. Is there anyone else getting similar RSS issues? Anyone that knows the solution can you kindly respond? Thanx!! casino en ligne