№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Кәсіп өрісін озық ғылым өркендетеді

Кәсіп өрісін озық ғылым өркендетеді



 Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауында жаһандық талаптарды ескере отырып, ел экономикасын цифрлық технологиялар негізінде дамытып, жаңа индустрияны қалыптастыруды тапсырды. Бүгінгі таңда агроөнеркәсіптік кешенде еңбек өнімділігін арттырудың төрт бағыты анықталып отыр. Олар: агроқұрылымдарда заманауи технологияларды енгізудің моделін әзірлеу, ауылшаруашылық техникасын жаңарту, мал шаруашылығын дамыту, суармалы жерлерді үдемелі игеру. Елімізде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Қазіргі уақытта ел экономикасының құрамдас бөлігі аграрлық саланы жандандыру мақсатында аталған бағдарламаны негізге ала отырып «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында көптеген ауқымды іс-шаралар жүзеге асырыла бастады.
 Бүгінде ауыл шаруашылық саласын «ақылды технологиялар» арқылы дамыту көзделуде. Жаңа технологияны меңгерген фермерлеріміз бәсекеге қабілетті өнім өндіруге қол жеткізе алады. Мысалы, дамыған елдерде цифрлық жүйелерді кеңінен қолдану арқылы өздерінің экономикалық өсімін 80-85 пайызға дейін арттырып отыр. ІТ технологияны өндіріске енгізу шығындарды 20 пайызға азайтады екен. Аграрлық саланы жандандыру мақсатында аталған бағдарламаны негізге ала отырып, «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында көптеген ауқымды шаралар іске асырыла бастады.
 Заманауи сандық технологиялар фермерлерге озық жұмыс әдістерін үйретеді. Ол үшін заманауи талапқа сай келетін үздіксіз білім беру жүйесі болуы керек. Осы мақсатта кәсіпкерлерге онлайн режимде консалтингтік қызмет көрсету, мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдарлануға көмектесу, сол арқылы цифрлық технологияларды игерген сапалы кадр дайындау мәселесі күн тәртібінде тұр. Осы мақсатта ауыл шаруашылығын даярлау оқу орындары озық инновациялық тәжірибелермен алмасуға бағытталған көпфункционалды жүйеге көшіп жатыр.
 Ауыл шаруашылығына қажетті білікті маман даярлауда жергілікті агроқырылымдармен қатар ғылыми орталықтармен тығыз байланыс орнатылған. Қазірде ауылдық жерлерде ғылым-агрономдар, ветеринар-дәрігерлер, зооинженерлер, ауылшаруашылық өндірістің инженер-технологтары, экономист, бухгалтер мамандықтарының жетіспеушілігі байқалады. Міне осы бағытта аграрлық сала бойынша «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасына тағы да үш мамандық енгізілді. Ендігі кезекте жас агрономдар, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы мамандары қосымша қаржылық қолдау мен қажетті әлеуметтік көмекке ие бола алады.
 Ауылдық жерлерде, әсіресе аграрлық секторда қызмет ететін білікті мамандарды тарту мақсатында ұсақ шаруашылықтардың кооперацияға бірігуі мен ғылым, білім, өндіріс интеграциясын қарқынды жүргізу қажет. Бұл мәселе жөнінде Елбасы облыс, аудан көлемінде ғана емес, шағын ауылдық жерлерде де «бәсекеге қабілетті, мықты кооперативтер» құру қажеттілігін атап өтті.
 Ауыл жастарын туған жердің тұғырын тіктеп, төл кәсібіміздің көкжиегін кеңейтуге бағыттайтын бағдарлы оқу орталығы–кәсіптік мектептерді бүгінгі күн талабымен жарақтандырып, білім мазмұнының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда жоғары оқу орындары, ғылыми зерттеу институттары ғалымдарымен тығыз қарым-қатынас орнығып келеді. Жақында Жаңақорған аграрлы техникалық колледжінде өткен семинар да осы осындай мақсатта өрбіді. Бүгінде 370 болашақ маманды тәрбиелеп жатқан оқу орнында өткен оқу оқу жылында 17 түлек қызыл дипломға бітіріпті. Бұл талапкерлер Қазақ Ұлттық аграрлық университетіне конкурссыз қабылданды. Жалпы кәсіптік мектепті тәмамдап, мамандық негіздерімен қаруланған жастардың жоғары оқу орнын білімін жалғауына алдағы уақытта көп жеңілдік қарастырылып отыр.
 «Рухани-жаңғыру: Кәсіптік білімнің бүгіні мен ертеңі» деп аталатын кеңес-семинарда жас түлекті кәсіби мамандыққа баулып қана қоймай адамгершілік, ізгілік нормаларына тәрбиелеудің тағылымды тармақтары жөнінде талқыланды. Сондай-ақ, теориялық оқыту мен өндірістік оқыту мәселелері бойынша оқу шаруашылық сабақтары, оқу шеберлігі, оқу алаңдары, өнеркәсіптегі сабақтардың барысы жөнінде ой-пікір алмасылды.
 Ауылға өзгеріс пен жаңалықты әкелетін озық білім мен инновациялық ғылым. Сондықтан ауылда өсіп-өніп, оның қадірін бағалай білетін, қасиетіне көзі қанық өскен ұландарымызды қара жерді ұлықтауға баулып қана қоймай, оның шын иесі, келешек қожайыны санатында тәрбиелеу міндетіміз. Бұл тек қара күш пен қайраттан ғана құралмайды, заманауи үлгіге құрылған озық білімді қажет етеді. Бұл бағытта терең сабақтастыққа негізделген стратегиялық жобаларымызды жалғастыра беретін боламыз.
 Айткүл АБДИГАПБАРОВА, ұстаз–ғалым.
29 шілде 2019 ж. 568 0