Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сағыныш



Бала күнімде әкемнің бурлы айғыры болатын. Бір-екі қант тістетпесең үйді айналып шықпайтын. Айдасаңда кетпейді. Алды аяңдап, арты желетін осы бурлы ат кейін жорғаға бергісіз жүріс ашты. Естілігі бір бөлек. Қанша тұман, боранды күндері үйді адаспай тауып келуші еді. Тізгінді бос қойып еркіне жіберсең болғаны, кідірмей тартадығой жануар. Әкем мені бір жерге жұмсағанда сол атқа мінгізетін. Бурыл аттың қос тарпасын шірей тартып, көтеріп міңгізедіде таралғыны қысқартып үзеңгіні аяғыма шақтап береді. Асықпай атты бір айналып шығады да қалқиып отырған маған қарап тапсырмасын айта бастайды:
"Қайтар жолыңда Қоңыр төбеге дейін шоқыта шауып отыр. Одан бері қатты аяңмен жүрсеңде ымырт үйірле үйге жетесің. Жүрер жолыңда ат аяғы қадалар індікештер болса айналып өт. Мен саған сенемін балам. Ал! Құдай жолыңды оңғарсын, жөнел!" деп тізгінді қоя беретін! Шындығында балаға емес атқа сенетінін кейіндеу түсіндік)
Үйден алыстай бере шаба жөнелуші едім. Құмардан шыққанша шабатынмын. Кең даланы бетке алып көсіле шапқанда қолтығыма қанат біткендей арқаланып, көңілім көк бурлданда жүйрік болып кететін. Айызым қана айғайлап, ердің басынан қыса ұстап көк аспанға шалқалай қараймын. Үсті-үстіне шабыс қосып, жылдамдығы үдей түскен буырлдың төрт тяғынан шыққан дүбіріне құлақ түрудің өзі бір ғанибет еді ғой. Көсіле шапқан көк бурыл аттыңда қаны қызып, "тізгінді тартпа" дегендей қыл мойынын алға соза ұмтылып, рахаттана сілтеп келе жатқанын бала түйсігіммен сезінуші едім.
Енді бір сәтте буырл аттың басын тартып, алғашқы ащы терін желдете жүріп бір кептіріп аламын. Содан қайта шоқытып екінші тері шықанда атан түсе қалып терін тіліммен жалап көруші едім. Әкемнің,
"Аттың ащы тері кеткен соң кейінгілері су татиды. Қатты шөлдегенде таңдай жібітуге болады" дейтін сөздері есімде.
Қас қарая аттың солығын басып, асықпай аяңдап үйге келемін. Күтіп тұрған әкем:
--Атпен босқа шапқыламаған боларсың? -деп сұрайды.
-Жоқ! -деймін мен. Аттың терін үгіп, солығын басып әкелген өзіме сеніп тұрамын.
--Ой, бәрекелді. Менің баламның ақылы көпқой -деп әкем арқамнан қағып, қағып қояды. Миығында күлкі, көзінде мейрім тұрады. Әкемнің "түк сезбей қалғанына" қуанып кетемін. Қарнымның ашқанын шұрқыраған ішегімне сезіп, үйге қарай жүгіре жөнелуші едім.
Қайран, балалық -ай десеңші! Алыста қалған арман күндерім менің. Үлкен айтса риясыз сенетінбіз. Бала көңіліміз аппақ қардай таза еді ғой.

Кейде, әкемдіде атымды да сағынып қаламын. "Өткен күндердің елесімен өмір сүрмеу керек!" десекте, осынау сағынышқа толы сағым жылдарды ешкімде жоққа шығара алмайды. Тау өзендері қанша алысқа ақсада, бастауы бұлақ.
Тіршілікте ағысың тоқтаған күні артыңда қалар тастақты іздеріңде сол болмақ.

Бұл менің балалық шағымның естеліктері...

(с) Айдар Темірбекұлы
20 маусым 2019 ж. 665 0