№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

ДОСЫҢ БАР МА?

 Өмірде бір адамға бауырмалдық таныту, шынайы дос болу адамзатқа берілетін ұлы қасиет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хижрат етіп көшкенде, Меккелік ансарларды көшіп келген мухажирлермен достастырған. Бұл Алла үшін болған қияметтік шынайы достық болды.

 Мүслімнен жеткен хадисте Алла үшін дос болғандарға жеңілдік берілетіндігі айтылады. Қияметте ең жоғарғы мақамды дәрежені иеленетіндер - олар шынайы достық орнатқандар. Ал, мансап не дүние үшін, амал дос болғандар қияметте бір-біріне дұшпан болады. Неліктен достыққа осыншама мән беріледі? Себебі, Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз адам шынайы досының дінінде болатындығын жеткізген. Әйгілі Әбу Хурайра (р.ғ) сахабаның да «Адам досының дінінде болады дегені бар. Одан басқа, Имам Захабидің де (р.ғ) «Кімнің шынайы досы болса, ол бақытты жан» деген сөзі бар. Екі адам шынайы тақуалықпен дос болса, олардың үшінші достары Алла! Ал, олай болмаған күнде, онда үшіншісі Шайтан болады. Ұлы табиғин Жағфардың «Өтірікші, сараң, қорқақ, пасықпен дос болма» деген насихаты бар. Себебі, өтірікші сені алдайды, ақылы кем пайда орнына зиян келтіреді, сараң адам мұқтаждығыңды елемейді, қорқақ қиыншылықта қашып кетеді, пасық дінсіз әрі сауатсыз болады. Елімізде «Жаманның жолдасы көп, жәніне пайдасы жоқ» деп осыны оймақтаған.
Достық сөзі шындық деген мағынаға келеді. Расында, шынайы достық ол кіршіксіз таза, саф достық. Досын шынайы жақсы көргенді Алла да шынайы жақсы көреді. Бүгінде адамдарға екі зат тапшы болып барады. Бірі адал ырзық, екіншісі адал дос.
Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз ағасы әрі әке орнына әке болған тірегі  Әбутәліптен өлім төсегінде жатқанда, бір рет те болсын тілін кәлимаға келтіруін одан сұранады. Айтқысы келеді, алайда қасында тұрған Әбутәліптің Әбу Жәһил, ибн Хишам, ибн Умаялар бұған қарсылық танытады. Мінекей, теріс достықтың кесірі адамның ең соңғы сәтінде де ақиқаттан қайырады.
Өмірде саналы дос табу өте қиын, жеңілтекке оңай. Достың саналы болуы өзіңді дана қылады, ал иманды болуы сені тақуа етеді. Бір мұсылман досын көру үшін, көрші ауылға шығады. Алла Тағала оған екі періште қосады. Олар адам кейпіне еніп, алдынан шығып, қайда бара жатқанын сұрағанда, досына сәлем беріп, жағдайын білуге бара жатқанын айтады. Сонда періштелер:
- Ол досыңның саған деген еңбегі әлде өткені бар ма?-деп сұрайды.
- Жоқ, ешқандай еңбегі өткен емес, берешегі де, алашағым да жоқ. Тек Алланың ризалығы үшін жолға шықтым-дейді.
- Сен ол досыңды қалай жақсы көрсең, Алла Тағала да сені солай жақсы көреді-дейді оған періштелер.
Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың үйіне егде бір әйел келеді. Алла Елшісі (с.ғ.с) оған ерекше ілтипат танытып, құрмет көрсетіп, жоғары төрге шығарады. Бұл әйелдің кім екендігі сұралғанда, «Ол марқұм Хадиша (р.ғ) әйелімнің досы еді» деп жауап бергені бар.
Ғұламалар жақсы досты әтір дүкеніне елестетеді. Дүкенге кіріп, хош иісті сатып алсаңыз, көп уақытқа дейін иісі мүңкіп тұрады емес пе. Тіпті, сатып алмаса да, сол хош иіске біршама болсын рахаттанасыз. Сондығынан біріншіден, баланың досына көңіл бөлген жөн. Себебі, перзенттеріміз өмірінің көптеген тұстарын достарымен өткізеді. Тіпті, өмірге, келешекке, өлімге де дос себеп болып жатады. Теріс қылықты, ұрлық пен зорлықты да достан үйренеді, өйткені көреді, керек болса қабылдайды. Сол үшін ата-аналар өздері біліскен, араласқан жақындарының үйлеріне балаларын ертіп апарып, өзара таныстырып, дос болуларына ықпал жасаулары тиіс. Бұл біріншіден тәрбие, екіншіден жақсы дос табу. Бүгінде дос іздегендер сол жақыныңның Алламен достығы және ата-анасына деген қарым-қатынасы, бауырларына деген ілтипатына қарасын. Егер де, ол Алланың бұйрығына ықтиятсыз болса, ата-ана қызметінде нашар, бауырларына сыйымсыз болса, достыққа опа бермейді! Әйгілі мұхаддис имам Мүслім (р.ғ) санаулы бірер досын сынағысы келеді. Қай заманда болмасын, жақындардың жылылығы алыс-берістен көрінеді. Достарынан қаражат сұратып, қызметшісін жібереді. Бір досы үйіндегі бар затынан қалағанынша салып береді. Екінші досы өзі оқып отырған Құраннан бас көтерместен, келген қызметшіге үйіндегі керегін алып кете беруін бұйырады. Үшінші достың жағдайы өте төмен болғандығын көріп, небәрі бес теңге сұрап, досының сәлемін жеткізеді. Сонда, бес теңгені таба алмастан, дереу сыртқа шығып кетеді. Біраз уақыттан соң, бір адам келіп, қызметшіге бес теңгені ұстатады. Сонда, имам Мүслім досы үшін әлгі үшінші досы өзін құлдыққа сатқан екен...     

Нұрлан қажы Байжігітұлы
Дінтанушы, имам           
07 маусым 2019 ж. 1 821 0