Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 129

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 147

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 967

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 470

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 669

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 657

№24 (8632) 25

25 наурыз 2023 ж.

№23 (8631) 21

21 наурыз 2023 ж.

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ЖАҚСЫ АДАМ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ

ЖАҚСЫ АДАМ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ

Әр адам жақсы жаққа қарай өзгергісі келеді ғой. Иә, өмірімізді өзгерткіміз келетіні анық. Бірақ күнде ертеңмен жүргенде уақыт шіркін сынаптай сусып, өтіп кетпесіне кім кепіл? Өзгеремін десеңіз, бүгін бастаңыз! Жұма намазы – өзгергісі келетін адам үшін үлкен мүмкіндік! Себебі, хадисте: «Күнделікті оқылған бес уақыт намаз бен әр аптада оқылған жұма намазы - осылардың арасындағы кішігірім күнәлардың кешірілуіне себеп болады», - делінген.
 Бұған дейін қателескен шығарсыз, күнә жасап қойған шығарсыз. Алаңдамаңыз! Шалыс басып, өкініп жүрген жалғыз сіз емес. Адамдардың бәрі күнә жасайды. Хадисте: «Адам баласының бәрі - қателесуші. Қателесушілердің ең жақсысы ‒ тәубеге келгендері», - делінген. Сіздің тарапыңыздан жасалу тиіс жалғыз-ақ міндет бар. Ол – тезірек тәубеге келу.
️ Ал ТӘУБЕГЕ КЕЛУ дегеніміз не?
1. Яғни істеген ісіңізге шын өкініп, Алладан кешірім сұрау. (дұғаңыз өтірік емес, шынайы болуы керек)
2. Ол істі қайтып жасамау. Біржола тастау.
3. Қандай мәжбүрлі жағдай болса да, оны қайталамауды нақты шешу.
Міне, осы үш амал толыққанды орындалса, Алла қаласа, сіз де жақсы адамдардың қатарындасыз! Ендеше, Алланың кешірімі уәде етілген қасиетті жұма күнін пайдаланып қалыңыз. Бұған дейінгі қателіктеріңізді тастап, жұма намазын оқып, Алладан шынайы түрде кешірім сұраңыз! Алланың мейірім есігі әрдайым ашық! «Ол – өте Кешірімді, ерекше Мейірімді!».

 Асыл арна.
10 ақпан 2019 ж. 2 107 0