№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СЫР ЕЛІНДЕ БІР БҮЙІРІНДЕ "АЛЛА ЖӘНЕ МҰХАММЕД" ДЕГЕН ЖАЗУЫ БАР ҚОЗЫ ТУДЫ

СЫР ЕЛІНДЕ БІР БҮЙІРІНДЕ "АЛЛА ЖӘНЕ МҰХАММЕД" ДЕГЕН ЖАЗУЫ БАР ҚОЗЫ ТУДЫ


Жақында Қазалы қаласында тұратын Азамат Нұрмахановтың шаңырағында тосын оқиға орын алды. Олай дейтін себебіміз, бір бүйірінде «Алла», бір бүйірінде «Мұхаммед» деген жазуы бар қозы туды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Кешқұрым мал өрістен қайтқан соң қораға кірсем, буаз аналық қой қоздағалы жатыр екен. Бұл қалыпты жағдай болған соң, еш алаңдамастан үйге кіріп кеттім. Таңға жуық қораға келсем, мал төлдеп, қозы туыпты», – дейді Азамат Еділұлы.Жаңа туған қозының денесіндегі ақ белгіні байқаған ол, таңғажайып жазуды бірден Қазалы қаласындағы «Жиеналы Ахун» мешітінің имамы Болатбек Наурызбековке көрсеткен. Имам қозының үстіндегі «Алла және Мұхаммед» деген жазуларды оқыпты.
«Бұл жағдай Алла Тағаланың бір, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) хақ, Құран кәрімнің шын екенін айғақтайды. Бір бүйірінде «Алла», екінші бүйірінде «Мұхаммед» деген жазуы бар қозының Қызылорда облысында алғаш рет қасиетті Қазалы жерінде тууы кездейсоқтық емес. Бұл топырақ киелі жер. Кезінде бұл жерде жүз мешіт болған», – деп Ғабдулла Ізат Ү.Түктібаев ауылындағы «Орынбет ишан» мешітінің бас имамы бұл таңғажайып оқиғаны жақсылыққа жорыды.
Бұл таңғажайып қозыны көруге келген адамның қарасы көп болды. Жасы сексеннің төртеуіне келген Өмірзақ Оспанов ақсақал бұл жақсылықтың нышаны екенін айтып, ақ батасын берді.
15 маусым 2018 ж. 1 733 0