№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » САНАЛЫ ҒҰМЫР СӘУЛЕСІ

САНАЛЫ ҒҰМЫР СӘУЛЕСІ

Уақыт деген таразы. Кімнің кім екенін, артында қандай өнегесі қалғанын саралап береді. Өмір болғандықтан әркімнің өмірі әрқилы өрбиді. Біреуін ғұмырын мазмұнды өрбітуге мән береді. Бұл қандай мазмұн десеңші? Ерін сыйлау, ерін бақытта ету. Сірә, әйел затына бұтан артық бақыт бар ма? Себебі, ерінің ризалығын алған әйел жұмақтық болады дейді хадис-шарифте.

Ұлттың ұлыларын талбесікті тербеткен аналар тәрбиенің тәлімгері іспетті. Алып та анадан туады, яғни бүгінгі патриот ұрпақ, зиялы қауым, қайраткер азаматтар алтын құрсақты ананың кіндігінен тарайды. Біз сөз еткелі отырған Жайсангүл Бүркітбаева да саналы өмірін мазмұнды өрбітіп, артында ұлағатты ұрпақ қалдырған жан.
Шіркін, анаға жететін асыл жан бар ма екен дүниеде. «Әкесіз бала жартылай жетім, анасыз бала тұл жетім» деген тәмсілдің өзі анаға құрметтің қаншалықты құнды екенін белгілі. Жайсангүл ана он екі құрсақ көтеріп, олардан 41 немере, 21 шөбере сүйді. Өмірінің соныңа дейін «Алланың берген перзенттері ғой!» дейтін ақылман сөзді аузынан тастамайтын ол: «Баладан артық байлық бар ма?», – деп отырушы еді.
Осыдан бірнеше жыл бұрын сұхбат­тасқанымда:
– Ия, адамның бақыты – балада. Дана қазақ бақыт сөзінің өлшемін, өмірдің мәнін тәлімді ұрпағымен өлшейді. Бүгінде біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, біреуі даңқ пен қызметтен іздейді. Мұның бәрі түсінген адамға алданыш ғана. Ақиқатында адамға нағыз бақытты – тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз осындайда айтылмаса керек-ті. Ендеше адам өмірінің мәні – өз ұрпағы емес пе? – деп жауап қатып еді.
Оның әкесі әйгілі көкпаршы болған. Кезекті бір салымда қолын сындырып, жарақаты жазылмай, бақилық болады. Сосын Бірліктегі нағашысының қолынта тәлім алады. Ал, 1958 жылы 29 сәуірде елге сыйлы азамат Тәжібаймен шаңырақ көтереді.
Ауданда басшылық қызметте болған Тәжібай ақсақалдың шаңырағынан қонақ үзілмей, дастарханы жиналмайды екен. Тіптен, әр жылдары облысты басқарған Тәкей Есетов, Исатай Әбдікәрімов, Еркін Әуелбеков және Сейілбек Шаухаманов дәм татып, Жайсангүл ананың жапқан тандыр нанын сүйсіне жепті. Керек десеңіз, олар орталықтан арнайы тапсырыс беріп, алдырып тұрыпты.
– Шешем бала кезімнен «отағасының сөзін тыңдасан жаман болмайсын» дегенді құлағыма әбден сіңіргендіктен, үйдің иесіне қабақ шытпай, қарсы сөз айтпай, алып келген қонағын күн-түн демей күтетінмін. Екеуміз отандасқан 54 жылда бірде-бір рет сөзге келіп, «әй-шәй» деген жоқпыз... Ерімді есімімен атамай «қожайын» деуші едім. Ол өте кішіпейіл, қамқор, іскер азамат болатын. Ұлдары тектен нәр алып, әке жолын жалғауда. Мен үшін бұдан асқан бақыт бар ма? – дегені есімде жарқын сақталыпты.
Расында, ерін сыйлаған әйелдің бір мерейі артық болады. Жайсангүл апаның шаңырағына бақ дарып, қыдыр қонуының басты себебі де отағасын құрмет тұтуында жатыр.
– Қазір бақталасқан заман болды ғой! «Алтын басты әйелден, бақа басты еркек артық» дегенді түсінбей қалдық. Ерін сыйлаған әйелдің өзі де сыйлы болады. Еркек шаңырақтың берекесі, елдің ұйытқысы, тірегі. Осындайда «Жақсы әйел жолдасының басын төрге сүйрейді» дейтін аталы сөз ойыма келді. Жалпы, нәзік жандылар «Күреп тапқан әйелдің табысынан, аз да болса еркектің табысы берекелі» дегенді ұғуы қажет. Болмаса шаңырақтан құт қашып, береке кетеді. Енем «еріне ала көздене қараған әйел тозақтық болады» дегенді айтып отыратын. Осы сөзден бүгінгі әйел тәлім алса болғаны. Әйелі дұрыс үйдің қонағы үзілмейді. Ал, қырықтың бірі қыдыр десек, әрбір қонақтың өз несібесі бар. Батасын береді, алғысын айтады. Бір алғыс мың қарғыстың алдын кеседі, – деген Жайсангүл апа өміршең қағидасын айтқан еді.
Бес мезгіл намазын қаза қылмайтын әзиз жанның көмейінен шыққан әрбір сөзден шүкіршілікті есетін. Шіркін, көненің көзіндей болған әзиз жан бақилық мекеніне аттанғанына қырық күнге жақындады. Өзі кетсе де артында өнегесі, асыл сөзі қалды ананың.
Жатқан жерін жайлы, жайын пейіш, топырағын торқа болсын, Жайсангүл апа!

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
05 маусым 2019 ж. 1 398 0