Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 535

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » » ОРАЗА ҰСТАҒАНДАР БАЛ ҚОСЫЛҒАН ӨЗЕННІҢ БАСЫНДА БОЛАДЫ!

ОРАЗА ҰСТАҒАНДАР БАЛ ҚОСЫЛҒАН ӨЗЕННІҢ БАСЫНДА БОЛАДЫ!





Бұл өмірде біреудің айтқанын тыңдап, тапсырған ісін орындап жатсаң, ол адам риза болып, алғысын жаудырып, сый беріп жатады. Ал бүкіл жаратылыстың Иесі болған Жомарт Алла бұйырғанын орындап, тыйғанынан тыйылып жүрген саған ештеңе бермейді деп ойлайсың ба?
Мейірімді Алла Тағала Өзінің ғана разылығы үшін ораза ұстаған сенің бұл өміріңді реттеп, Ақыретіңді де тосын сыйларға толтырып қояды! Бұған күмәнің болмасын! Себебі, Ол – аса Жомарт, құлына Мейірімді, Жарылқаушы!

Құдайға бойұсынған пенделер Есеп күні қуаныштан бал-бұл жанып:
«Мінеки, менің кітабымды оқыңдар!» - деп айғайлайды. Ол қуанышы қойнына сыймай:
«Анығында, мен осы Есепке кездесетініме сенген едім, - дейді!
«Сөйтіп ол разы болатын өмірде,
Биік Жәннат бағында болады!


Оларға: «Өткен күндерде істеген амалдарың себепті рахаттана жеңдер әрі ішіңдер!» - делінеді. («әл-Хаққа» сүресі, 19-24-аяттар)
Ғалымдар «бұл аяттарда Рамазанда ораза ұстағандар туралы айтылған» деген. Яғни Мен үшін ораза ұстадыңдар, енді «рахаттана жеңдер әрі ішіңдер» деп тұр! Қандай керемет десеңізші! Имам Хасан әл Басри осыны толықтыра кетіп: «Ораза ұстағандар Жәннатта бал қосылған өзеннің басында болады!» - деген.
19 мамыр 2019 ж. 1 023 0