№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЫСТЫҚ КҮНДЕ ОРАЗА ҰСТАУШЫҒА СҮЙІНШІ!

ЫСТЫҚ КҮНДЕ ОРАЗА ҰСТАУШЫҒА СҮЙІНШІ!


Алла Тағала бекіткен құлшылықтардың қатарындағы сауабы еселеніп тұратыны – ыстық күндегі ораза. Күн ұзақ, әрі ыстық, ал түн қысқа. Бұл – нағыз сабыр мен ұстамдылықтың, ықылас пен ниеттің сыналар шағы. Алайда,  нәпсісінің назына жауап таппай, құлшынысы құбылған, қорқынышы қарқындаған бауырларымызға асыл дініміздің айтар сүйіншісі бар!

ЖЕҢІС – САБЫРМЕН!
Біліңіз, сый-сауаптар қиындық артқан сайын еселене түседі. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) аяулы жары Айшаға (оған Алла разы болсын): «Сауабың шаршағаның байланысты» демеп пе еді? Жанды алқымға келтіретін шыжыған ыстық адамның тақуалығын арттырады, жаман істерден тосады, құлдық қасиетін арттырады.
 «Жан қиналмай Жәннат жоқ» екендігі тағы бар. Екінші жағынан, «Жәннат қашанда қиындықтармен қоршалған» ғой. «Алла сендерден күресушілер мен сабыр етушілерді айқындамай тұрып, Жәннатқа кіреміз деп есептедіңдер ме?» 
 деген ескертуді де қаперде ұстағанымыз абзал  («Әли Иимран» сүресі, 142-аят). Қиындықтан кейін екі бірдей жеңілдік, қайғыдан кейін шаттық бар.
23 мамыр 2018 ж. 1 300 0