Маймылдардың әуресі.

Тәжірибе қызық бола бастағасын ғалымдар ескі төрт маймылдың бірін алып, орнына және бір жаңа маймылды қосады. Ол да алғашқы маймылдың көрген теперішін басынан кешіреді. Ол ол ма, ескі үш маймыл мұны ұра бастағанда алғашқы ауысқан маймыл да себебін білместен қосыла сабайды.
Осылайша, шұңқырдағы ескі маймылдардың барлығы ауыстырылып, қатарлары толық жаңарып шығады. Жаңа құрамдағы маймылдардың ешқайсысы жоғарыдан құйылған «мұздай су кезеңін» басынан кешірмесе де, бананға қызыққан әрбір жаңа маймылды ұрудан жаңылмады.
Дәл осы кезде олардан жаңа кеп қосылған маймылды не үшін ұрып жатқандары сұралса, жауап міндетті түрде: «Білмейміз! Әйтеуір бұрынғылар осылай істеді ғой!», - деген сипатта шығатын еді.
Кешегі тұмсығымыздан әрідегіні көрсетпеген тұмша (дінсіз) идеология көргенімізді көңіл елегінен өткізбей, көзсіз қайталай беруге алып келген жоқ па?! Шариғат талаптарынан хабарсыздық рухани құндылықтарын жоғалтуға шақ қалған халық пен негізінен алыстаған жаңа буынды дүниеге алып келді. Шариғатқа қайшы, ықылым заманнан жетіп, тозығы шыққан жалған ырым-нанымдарды да осыған жатқызуға болады. Бір нәрсені «болады» дейміз, бірақ неге екенін білмейміз. «Болмайды» дейміз, оны да түсіндіріп берер дәрмен жоқ. Асылы, Аллаһтың жібі болған асыл дініміз Исламды мықтап ұстану ғана адам ақылына еркіндік әпереді. Еркін ойлап, дұрыс бағыты таңдауға мүмкіндік береді.
Таразылау өз қолыңда!
Еркебұлан Сүлейменовтің фейсбук парақшасынан