Құрылтай

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Астанада бас шыршаның шамдары қашан жағылады?

Астанада бас шыршаның шамдары қашан жағылады?

  18 желтоқсан сағат 18.30-да ЭКСПО-2017 көрме аумағында Астананың бас шыршасының шамдарын жағу рәсімі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
© astana.gov.kz

  Әкімдіктің мәліметінше, мерекелік шара танымал әртістердің қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаға ұласады. ЭКСПО көрмесінің аумағында кішкентай көрермендердің көңілін аниматорлар мен алып қуыршақтар көтеретін болады. "Ойын-сауық бағдарламасын астаналықтар мен қала қонақтары сағат 18.30-дан бастап тамашалай алады. Шыршаның шамдарын жағу рәсімі сағат 19.00-ге белгіленіп отыр", - деді әкімдіктегілер. Сонымен қатар, елорда тұрғындары мерекелік отшашудың куәгері бола алады.

  Бас шыршаның шамдарын жағу арқылы қысқы және отбасылық демалысқа арналған көптеген қызмет көрсететін ойын-сауық түрлерінің бірыңғай интерактивті #AstanaWinterland алаңы іске қосылады.
18 желтоқсан 2018 ж. 1 033 0