ПАРТИЯ ҚЫЗМЕТІ – ЕЛ ИГІЛІГІНЕ
«Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы игілікті істерге ұйытқы болып жүреді. Атап айтқанда, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жұмыстары жүйеленген. Жақында соған куә болдық.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаевтың қабылдауына кент тұрғыны Сәуле Таттыбаева, Салтанат Ералиева жазылып, әлеуметтік көмек көрсетуді сұрады.
Ауданда бас партияның жұмыстарының үйлестірушісі Мәжит Балқожаұлы мән-жайды «ГүлАру» балабақшасының құрылтайшысы Патыма Төреқожаеваға түсіндіріп, көмек көрсетуді ұсынады.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» ұлағатын ұстанған балабақша басшысы аталған отбасыларды әлеуметтік маңызды азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Санжар НҰРЖАНОВ.