№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » «Бірлігі бар ел озар, бірлігі жоқ ел тозар»

«Бірлігі бар ел озар, бірлігі жоқ ел тозар»

Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік. Иә, бұл халық нақылы бүгінде өз өміршеңдігін көрсетуде. Ынтымақ пен ымыра бар жерде, береке мен ырыс болары айдан анық. Қандайда ел болмасын, терезесі тең, керегесі кең болуды аңсайды. Шүкір, қазірде Қазақстан өзіндік саяси және экономикалық жүйесі қалыптасқан, әлем елдері мойындаған егеменді, тәуелсіз мемлекет. Яғни, қабырғасы қатайған, пікіріне халықаралық қауымдастық өкілдері құлақ асатын беделді елге айналды. Еркіндікті аңсаған ата-баба мұрасы жүзеге асып, Алаштың ең асыл мұратына қол жетті. Бір сөзбен айтқанда, ғасырлар бойы тағдыр талқысына тегеурінді қарсы тұра білген Ұлы Дала елі ұлыс пен ұлтты құтты қонысына сыйдыра білген дархан елге айнала білді. 
  
   Міне, осы ауызбіршілік үлгісін одан әрі нығайту мақсатында 2015 жылдың 29-желтоқсанында Елбасы қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Қаңтардың бірінен бастап күшіне енген бұл тұжырымдама Мемлекет басшысы ұсынған «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясына негізделген. Әрі осы идеяны біріктіруші құндылықтары-азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, ғылым мен білімге құрмет, зайырлы ел сынды басты қағидаттарға бағытталған. 
«Қазақстандық бірегейлік пен бірлік-ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасатын процесс. Ол әрбір азаматтың этностық тегіне қарамастан өзінің тағдыры мен болашағын Қазақстанмен байланыструына негізделеді. Ортақ тарихымыз, бүгінгі тіршілігіміз, болашаққа деген ортақ жауапкершілік қоғамды біртұтастыққа бастайды: «Біздің бір ғана атамекеніміз, бір ғана Отанымыз бар-ол Тәуелсіз Қазақстан». Бұл таңдаудың мәнін ұғыну-бірігудің басты негізі» – делінген құжатта.
Тақырыпқа тұздық
   Бегі мен халқының ынтымағы жоқ жерде, дұшпанның алдауына сенген, арбауына алданған жерде, інісі мен ағасы дауласқан, бегі мен халқы жауласқан жерде ел елдігінен айырылады.
Төле би жастайынан атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алған. Бірде жас Төле әкесіне барса, жасы жүзге тақап қалған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Сонда Төле «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ» деп сұрайды. Әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдыртады да:
Балам, мынаны сындырып көрші дейді. Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды. Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы дегенде, ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп оп-оңай сындыра береді.
Сонда әкесі:, ұлым бұдан не түсіндің? дейді.
   Төле: Түсіндім, әке бұл мысалдың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, ынтымағы жоқты жау оңай алады дегеніңіз ғой дейді. 
  Әкесі: Әп-бәрекелді балам, дұрыс айтасың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын» дегенінің мәнісі осы–депті. 
Иә, аймақтық қауіпсіздік және татулық деген кезде, жұдырық болып жұмылған, ынтымақ-бірлігі жарасқан ұлттар мен алауыздығы жоқ ел еске түседі. Егемен еліміз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ толғағы жеткен мәселелермен бетпе-бет келді. Аталған күрделі жағдайға қарамастан Елбасы Н.Назарбаев тоқсаныншы жылдардағы тоқырауға қарамастан «Әуелі экономика, одан кейін саясат» қағидасын берік ұстанды. Елдің экономикалық ахуалын көтеруге серпінді кірісті. Сондай-ақ ел Президенті жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында ел бірлігіне баса назар аударды. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болатынын айқын білді. Ауызбірлік пен түсіністік үстемдік құрған жерде қашанда нәтижелі істер үйір болатыны белгілі. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дегенде, ата-бабамыз ынтымақ керектігін айтып кеткен. Мұны айтудағы басты себеп мынау еді. Кейде ел ішінде жүрген билік басындағыларға көңілі толмайтын тұрғындарды жиі кездестіреміз. Жақында ғана сондай бір келеңсіз көріністің куәсі болдық. Өздеріңізге белгілі, бүгінде құда шақырғанда асаба жалдайды. Міне, сондай құдалықтың бірінде асаба ағамыз әңгіме арасында жергілікті билік басындағыларды орынсыз сынады. Дәйексіз, дүбәра сөз саптады. Бұл үйге кірмей тұрғандағы әрекеті. Ал, табалдырық аттағаннан кейін құдалыққа келген 20-25 адамды өзіне бағындыра алмады. Яғни, сөзі өтпеді. Өзіне жүктелген міндетін толыққанды алып шыға алмады. Содан ой түйдім. Жаңа ғана үйге кірместен бұрын 80 мың халықты басқарып отырған басшыларды тілдеді. Енді келіп бар-жоғы 20 адамды басқара алмай отыр. Әрине, ара-жігін түсінгенге әрбір сәттен ғибрат алуға мүмкіндік мол. Себебі, ауызбіршілік кеткен елден береке де жуымайды. 
Түйіндей айтқанда, бүгінде өшкеніміз жанып, ұмытқанымыз жадымызда жаңғырды. Мұның барлығы Тәуелсіз елдің ұстанған бағыт-бағдарының дұрыстығын, баһадүр бабалардың салған сара жолынан айнымағанның белгісі. Бірлігі бекем елдің, биік белестерді бағындыратынын бүгінде бәріміз білеміз. Биік мінберлерде Елбасы «Бірлігі бар ел озар, бірлігі жоқ ел тозар» деген аталы сөзді жиі айтады. Ал, бірлігі кеткен елді дұшпан өз мақсатына пайдаланатыны тағы бар. Сондықтанда ел бірлігіне сызат түсірмей, мемлекеттің қарышты дамуына әркім өз саласы бойынша үлес қосса «Мәңгілік Ел» идеясының мақсатыда орындалары айқын. 

Әбдісамат ӘБДІШ.
15 қараша 2018 ж. 4 005 0