ДАҢҚТЫ ДАЛА БАТЫРЫ
Ел басына қауіп төнген алмағайып замандарда атқа қонып, атақонысты жат жұрттың талауынан сақтап, бірліктің астында байрақ көтерген батырлар қаншама. Оларды ұлықтап, жастардың жадына сіңіру уақыт талабы. Осы ретте, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қожамберді батырдың тұлғасы ұлықталды.
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық жолының Төменарық ауылына бұрылатын тұста Қожамберді Аманбайұлының 500 жылдығына орай енселі ескерткіш орнатылды. Ұлы Даланың даңқты тұлғасына арналған салтанатты шараға 3 мыңнан астам адам жиналды.
Көпшілік алдымен Ақназар хан дәуірінен сыр шертетін қойылымды тамашалады. Қазақтың даңқын асқақтатқан Ақназар ханның Қожамберді батырға «алтын қылышты» аманаттағаны арқау болды.
Сосын салтанатты шарада алғы сөз алған облыстық мәслихаттың хатшысы Наурызбай Байқадамов:
– Қазақтың күші, қазақтың қайсарлығы бабалар рухында, яғни, ұлттық кодта. Ол үшін тарихи сананы тірілту міндет. Себебі, тарихи тәжірибе ақылдың ұстазы, ой-пікірдің жол сілтеушісі. Олай дейтініміз, ұлттың ертеңі үшін жанын қиған бабалар батырлығы өскелең ұрпақтың бойында елге деген махаббатын оятып, патриотизмді қалыптастыруда үлкен күш береді. Қытай мен Еуропаны жалғайтын Ұлы Жібек бойында тұғырына қонған батырдың кескін-келбеті қазақ ұлтының қаһармандығын паш етіп тұрғандай... – деді.
Расында, Ұлы Жібек Жолы бойында бой көтерген ескерткіш қазақ ұлтының батырлық дәуірінен сыр шертіп, жасампаз тарихтың бір парағынан сусындататындай...
Тарихи тұлғалардың болмыс-бітімі мен қабілет-қасиетін ғылыми айналымға енгізіп, оларға тарихи баға беру ғалымдардың еңбегі екені даусыз. Олай болса, шараға ғалымдардың қатысуы орынды-ақ.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Берекет Кәрібаев: «Өшкенімізді жағып, жоғалтқанымызды тауып, ұмытқанымызды жаңғыртып, тарихымызды түгендеп жатқан кез. Әсіресе, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлы Дала Елінің даңқты батырлары мен би-шешендері турасында маңызды жұмыстар атқарылуда», – деді.
Аудан әкімі Ғалым Әміреев Қожамберді батырлықтың өшпес рухын асқақтатып, ескерткіш орнатуға атсалысқан азаматтарға алғысын жеткізді. Әрі батырдың рухын тірілтуде Айдархан Бибасарұлының еңбегіне тоқталды. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтауы да оқылды.
Баба ұрпағы атынан сөз алған «Қожамберді батыр» қоғамдық қорының төрағасы Құтыбек Дүкенбаев көпке ризашылығын жеткізді.
– «Көл бұлақты іздейді, ел аруақты іздейді, әруақты ұрпақ іздейді, Алла осы үшеуін біріктірсе, қазақ елінің басынан бақ кетпейді, Тәуелсіздігі тұрақты дейді» деген даналық осы болса керек. Бүгін баба ұрпағы үшін ғана емес, бүкіл жаны қазақ алаш жұрты үшін үлкен той. Тойымыз тойға ұлассын, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы, келешегіміз кемел болсын!.. – деді.
Қоғамдық қордың төрағасы Қожамберді батырдан тараған белгілі тұлғаларды да атауды ұмыт қалдырмады. Батыр ұрпақтары ішінен елді бірлікке шақырып, татулыққа ұйыстырған тұлғалар аз болмаған. Бәйтілес әділдігімен, шыншылдығымен ұрпағына ұран болса, Жиде, Қайқы, Қашқынбай, Таубай батырдың ерліктері ел есінде. Мырзан, Тұрымбет билердің талай-талай дау-дамайды әділ шешіп, елдің разылығын алғаны жайлы талай жазылды. Баймұрат, пен Оралдың ерліктері және Қалкөз, Әбділда, Серіқұл болыстың бастамаларын жұрт ұмыта қойған жоқ. Қалдарбек Найманбаев, Айдархан Бибасарұлы, Бақыт Тұрсынұлы секілді қаламгерлердің елдің рухани-мәдени көкжиегі артуында үлесі елеулі.
Қазақ қашан да перзенттерін әнге қосып, жырға бөлеген ел емес пе?! Осы дәстүрден жаңылмаған белгілі айтыскер Әбілқайыр Сыздықов рухты арнауын оқып, көпшілікті жалынды сөздерімен тебірентті.
Қожамберді батыр төңірегінде айтылатын аңыз көп. Сондай дерек көздеріне қарағанда, Қазақ хандығының тұтастығына, өркендеуіне күш салған Қожамберді батыр Ақназар хан, Шығай хан, Тәуекел ханның ұлт мұраты жолындағы елдік істерін қолдағаны, қуаттағанын білесіз.
Әсіресе, Ақназар ханның тұсында қолбасшысы болғаны және жас сарбаздарды соғыс өнеріне машықтандырған.
Бұқаралықтармен болған бір соғыста жекпе-жекке шыққан қарсы жақтың батырын бақилық етіп, соғыстың жеңіспен бітуіне ықпал еткені және Сауран, Түркістан қаласын алуға қатысады.
Белгілі қаламгер Айдархан Бибасарұлының «Қожамберді батыр» кітабында: «Ақназар хан Ташкенттің ханы Бабасұлтанмен одақтасып Бұқараны түпкілікті бағындырмақ болады. Бірақ опасыздық жасаған Бабасұлтан Ақназарды қапыда өлтіреді. Одан кек алу үшін Шығай ханның ұлы Тәуекел бір түмен әскеріне Қожамбердінің жүздігін қосып алып соңынан қуады. Ашынған Тәуекелдің әскері Бабасұлтанның әскерін қуып жетіп, Арқадағы Жошы ханның мазарының түбінде талқандайды. Айқасқа шыққан Бабасұлтанның өзі Қожамбердінің жебесінен мерт болады», – делінген.
Сонымен, алып ескерткіш ашылғаннан кейін облыстың бас имамы Болатбек Әбуов Құран бағыштады. Алыстан келген ағайын сахна алдына келіп, аудан өнепаздарының әсем әуенімен тербеліп, қаз-қатар тігілген киіз үйлерден дәм ауыз тиді. Дала төсінде бас қосқан ағайынға ақ дастархан жайылды. Шара көркін балуандар қыздырса, көкпаршылар тойдың сәнін кіргізді.
Қожамберді батырдың ескерткіші тұғырына қоныуына Бағдәулет Мақашев, Жорабек Нұрымбетов, Мұхит Кәрімбаев, Яхия Шорабаев, Молдахмет Нәлібаев, Құрбанәлі Әлшереев және т.б. азаматтар еңбегі сіңгенін айта кеткен жөн. Сондай-ақ, батырдың Астана, Жетісай, Сарыағаш, Шымкент, Түркістан, Шиелі, Қызылорда және Жаңақорғандағы ұрпақтары рухани-мәдени шараның жоғарғы дейде өтуіне атсалысты.
P.S.: Замананың өтпелі кезеңдерінде ұлт ретінде сақталып қалып, қалыптасып, дамуында шешуші рөл атқарған тарихи тұлғалардың тәлімді жолынан мазмұн-мән тауып, кемелді келешекке жол табуға болады. Сонда ғана «Мәңгілік Ел» мұраты асқақ болады. Осы ретте, ұлттық мүдде жолында қайрат көрсетіп, елдік мүдде жолында ерлігімен танылған Қожамберді батырдың тұлғасын жас ұрпаққа дәріптеу жұмысы жалғаса беретіні ақиқат...
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.