» » » Өткені өшпес мұра, келешегі кемел Жаңақорған

Өткені өшпес мұра, келешегі кемел Жаңақорған

Қазақ мәдениеті мен өнеріне өзіндік қолтаңбасын қалдырып, ұлтының мақтанышына айналған Манап ақын өзі өмірге келген туған өлке атын да алысқа самғатып, әлеуметке паш етті. Өткені өшпес мұра, келешегі кемел Жаңақорған мен қара сөздің қаймағын теріп, қаншама ұрпаққа қазына қып қалдырып кеткен күмбез кеуде, сұлу сөзден маржан терген марқасқа ақын – Манап Көкеновтың 90 жылдығының қабат келуі торқалы тойға айрықша ажар сыйлап, ел мәртебесін биіктете түсті.
Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс депутаты Балайым Кесебаева арнайы келіп қатысып, аудан жұртшылығына құттықтау лебізін арнады.
Облыстық мәслихат хатшысы Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы тарихы тереңде жатқан туған өлкенің кешегі өткені мен бүгінгі жетістіктеріне тоқтала келе, мемлекетіміздің даму бағытындағы Жаңақорғанның жарқын шежіресін паш етті.
Аудан әкімі Ғалым Әміреев барлық салалар бойынша облыста үздік танылған ауданымыздың осы биіктен танылуына ерен еңбек сіңірген азаматтарға шынайы көңілден алғысын жеткізді.
Аудан мерейтойы құрметіне мына төмендегі азаматтарды облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады. Олар: еңбек ардагерлері – Сабырханов Тұтқабай, Сұлтанов Серікбай, Наятулла Қарақожаұлы, Қалдан Омарұлы, Ермағанбет Әсенұлы, өнер, шығармашылдық өкілдері – Әбілхайыр Сыздықов, Ерубай Қалдыбек, Кенже Әкімбаева, Құлахмет Нәлтаев, аудандық мәслихат депутаттары – Зағипа Абжалелова, Жасұлан Бекенұлы, сала қызметкерлері – Баянбек Оразбекұлы, Есдәулет Сейілов, Күләш Жұманқызы, жеке кәсіпкер Латуша Саифұлы, Хиссамедин Сығанақи мешітінің имамы Жеңіс Әшімов. Тағы да бірнеше белсенді азаматтар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Баян ҮСЕЙІНОВА.
23 қазан 2018 ж. 1 016 0