№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕЛДІ ОЯТУ ҮШІН – ТАРИХТЫ ОЯТУ КЕРЕК

ЕЛДІ ОЯТУ ҮШІН – ТАРИХТЫ ОЯТУ КЕРЕК


Газеттің №69 (8190) нөміріндегі «Тоқсан жылдық қандай деңгейде өтеді?» мақалада 5-6 қазанда өтетін көпшілік мәдени шаралар жайында кеңірек жазылды. Дегенмен, ауылдық округтерде өтетін рухани-мәдени шаралардың мазмұны мен мәні айтылған жоқ еді. Сондықтан, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегеновтен елді мекендерде өтетін шаралардың жөн-жапсары жөнінде білдік.
– Әр ауылдық округте өтетін шараға мейілінше аудан әкімінің өзі қатысады немесе міндетті түрде өкілін жібереді. Мерейтойдың негізгі мақсаты – Жаңақорғанның әр тасынан сыр шертіп, жас ұрпақтың бойына тарих тағлымын сіңірту. Жалпы, мерейтойдың шымылдығы ауданның оңтүстік қақпасы Сунақата ауылдық округінен ашылады. «Сырға толы Сығанақ» тақырыбындағы этно-думанда Қыпшақ мемлекетінің саяси орталығы және Ақ Орданың астанасы болған көне Сығанақ қаласының тарихы туралы сыр шертіледі, – дейді Әбілғазы Берденұлы.
Ауылдық округтердегі шара 19 қыркүйекте Ақүйіктен бастау алады. Мұнда «Туған жер – менің жыр әнім» атты ақын Файзулла Сахиевтің 70 жасқа толуына орай поэзия кеші және 7-қарашада Кейденде «Жүрегі жыр тұнған ақын» атты мүшайра өтсе, 21-қыркүйекте Қыркеңсе ауылының кітапханасында «Туған өлкем – Жаңақорған» атты әдеби жыр кеші, ал, 22-қыркүйекте Бесарық ауылының кітапханасында «Мен өлкеммен мақтанамын» атты дөңгелек үстөл өтеді.
Бөлім басшысының айтуынша, аудандағы барлық ауылдық округ мектептерінде аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Жыр бесігім-Жаңақорған» атты аудан тарихынан сыр шертетін көрме өтіп, 19-қыркүйектен 10-қазанға дейін №53, №54, №55, №223, №239, №166, №162 орта мектебінде волейбол, баскетбол және шағын футбол сынды спорттық шаралар ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарын мерейтой аясында салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.
Сондай-ақ, Манап ауылында жаңа мешіт ашылып, ауылдық клуб үйінде Манап Көкеновке арналған «Манап салған ізбенен» атты этно-көрме өткізіледі. Шара барысында Екпінді, Қожамберді, Жайылма, Талап, Байкенже, Жаңарық, Сүттіқұдық, Аққорған, Қосүйеңкі, Қандөз, Қаратөбе ауылдық округінде ауданның рухын асқақтатып, туған жердің тарихын түлететін әдеби және жыр кештері өтеді. Аталмыш ауылдарда қолөнер бұйымдарының көрмесі өтіп, ұлттық ойындар мен тұрмыстық салт-дәстүр көріністері белең алады. Түрлі тақырыптағы театрландырылған көріністер көпшілікке ұсынылады.
Ал, 29 қыркүйекте Төменарық ауылдық округінде өтетін «Туған өлке тарихын білесің бе?» атты интеллектуалды ойын жастардың танымын кеңейте түссе, 22 қыркүйек пен 3 қазанда Шалқия мен Бесарықта өтетін дөңгелек үстелде ауданның кешегісі мен бүгіні сараланбақ.
Сонымен қоса, 27 қазанда Қыраш ауылының клуб үйінде «Туған жерге туыңды тік» тақырыбында жазушы Жолтай Әлмашпен, тарих ғылымының кандидаты, академик Сатыбалды Ділмановпен, «Сыр бойы» облыстық газетінің бас редакторы Қуат Шарабидинов және әнші Бибажар Махамбетовамен, қаржыгер Қалқазбек Әжібековпен кездесу кеші өтеді.
– Шара аясында «Жаңақорған ауданына – 90 жыл» ұранымен аудандық денсаулық саласы елді мекен тұрғындарына осы күндері мамандандырылған жылжымалы медициналық кешен қызметін ұсынса, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы тұрмысы төмен отбасыларына қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады, – дейді бөлім басшысы.
Айта кететіні, белгілі себептерге байланысты 5-6 қазанда өтетін іс-шаралар 19-20 қазанға ауыстырылды.
Иә, өткені өшпес мұра, келешегі кемел, қарт Қаратаудың баурайында орналасқан, қойнауы тарихқа толы Жаңақорғанның өткенін қайта жаңғырту мақсатындағы мерейтойдың өз деңгейінде өтіп, көпшілікке рухани азық боларына сеніміміз нық.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
18 қыркүйек 2018 ж. 1 596 1

Гость Jeahulalf от 21 ақпан 2019 18:40
Keflex Dosages Cialis Generico Nombre cialis price Can I Drink Alcohol On Amoxicillin