№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ғұламалардан ғибрат

Ғұламалардан ғибрат


Имам Ахмед ибн Ханбал (р.а) әрдайым ұстазы имам Шафиғиге (р.а) дұға жасап:
 "Раббым Алла! Ұстазым Мұхаммед ибн Идристан (р.а) разы бол", - дейді екен.
Бірде қызы Айша әкесіне:
"Әкетай, сіз әрдайым Мұхаммед ибн Идрис (р.а) деген адамға көп дұға жасайсыз. Ол кім болады?",- деп сұрайды.
Сонда имам Ахмед (р.а):
 "Қызым, ол адам - менің ұстазым. Ол - дүниеге күндей, тәнге шипадай адам",- деп жауап береді.
Бір жолы имам Шафиғи (р.а) имам Ахмедтің (р.а) үйіне қонақ болып келеді. Кешкі асты жақсылап жеген соң, құптан намазын оқығаннан кейін жатып қалады. Имам Ахмедтің (р.а) қызының назары осы адамда болып, таң атқанша аңдып жатады. Имам Шафиғи (р.а) сол жатқаннан таң атқанша жатады, тек анда - санда оң жаққа не сол жаққа бұрылып ғана қояды. Түнгі тәхажүд намазына да тұрмай, таң атқанда дәрет алмай, орнынан тұра салып, намазға тәкбир алады.
Осының бәрін көріп отырған Айша күн шыққан соң, әкесіне барып: "Әкетай, сіз үнемі дұға жасайтын адамға таңым бар. Кешкі асты аздап емес, толық жеп алды. Содан кейін таң атқанша ұйықтады.Тақуа адамға тән түнгі қосымша  намазды да оқымады. Ал, таң намазы кіргенде, дәрет алмай - ақ намазға тұрды. Осының мәні қалай?", - дейді.
Әкесі ұстазынан осының жауабын сұрап берейін деп уәде береді.
Имам Ахмед (р.а) ұстазына осы сұрақтарды қояды. Сонда ұстазы: "Алла қызыңның бағын ашсын. Сұрақтары өте орынды.
Біріншіден, имам Ахмед (р.а) сияқты үлкен ғалымның үйіндегі ас - адамға шипа әкеледі. Сондықтан, тойып тұрып жеп алдым.
Екіншіден, менің фиқһ мәселесінде шеше алмай жүрген қырық бір сұрағым бар еді, осы үйдің берекетімен таң намазына дейін ойланып жатып, отыз тоғызын шештім.
Үшіншіден, таң атқанша көз ілмеген соң, намазға дәретіммен тұрдым",- деп жауап береді.
Әкесі айтқан жауапты естіп, қызы таң қалған екен."
Расында да, Пайғамбарымыз (с.ғ.с): "Шындығында, ғұламалар - пайғамбарлардың мирасқорлары", (Бухари) - деп айтқанындай, олардың дәрежесі бөлек екені айдан - анық.
Том - том жиналған кітаптан, соның ішінен түсінерімізді бір  бір сағатта айтып бере алатын ғалым артық.
Жаратқан Иеміз бізді ғұламаларын сыйлайтын үмбеттен етсін!
 
(Белгілі ғалым, доктор Омар Әбдулкафи дәрістерінен үзінді)
 
 
Аударған: Қуат Қабдолда
13 шілде 2018 ж. 1 370 0