Жоғалған қасиет
Қазақ басынан талай аумалы-түкпелі кезеңді өткізіп, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық қасиетің бірін кемітсе, енді уақыт ағымына сай әдептер меңгеріп жатыр. Ендеше қазақтың жоғалтқан қасиеттері жайлы сөз етсек...
Хакім Абай: «Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандығылардан білімі, күтімі, сыпайлығы, тазалығы төмен болғанмен, бірақ, бұл замандығылардан артық екі мінезі бар екен. Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың мінді ісін бір-бірлеп тастап келеміз, әлгі екі мінезін біржолата жоғалтып алдық», – деп отыз тоғызыншы қара сөзінде сөз етеді. Осылайша ол: «...әуелі – ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көші-қонды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады екен. Өзге қара жұрт жақсы-жаман өздерінің шаруасымен жүре береді екен», – деп қазақтың сөзге тоқтаған зейінділігі жайлы айтады. Сосын: «Екіншіден – намысқор келді екен», – дейді.
«Кәніки, енді осы екі мінез қайда? Бұлардан айрылдық...» деп ақын ойын қорытады.
Абайдың айтып отырғаны өткен ғасырдағы жағдай. Ал ХХІ ғасырда қазақ заманауи білімді меңгеріп, техники мен технология игергенімен, ақынның заманында бар екі қасиетке қоса, бүгін тағы үш әдептен айрылды.
Біріншісі қасиет. Бүгінгі қазақ «Үлкенге құрмет, – кішіге – ізет», дегеннен айырылды. Үлкендердің: «Бұрын біз қоғамдық көліктерге мінгенде артына қашып, отыратын бос орын болса да тұрып тұратынбыз. Үлкен ақсақалдың жолын кесіп өтпеуші едік. Үлкен сөйлегенде жарыса сөйлемеуші едік», – деп осыдан 10-15 жыл бұрынғы оқиғаны аңызға бергісіз айтады. Өйткені сондай ізетті ұрпақтың ұл-қыздары мен іні-қарындастырына қарап ондай кезең болғанын айта алмаймыз.
Бүгінде туған әкесі мен анасын «Қарттар үйіне», тегінен жаралған ұл-қызын «Балалар үйіне» тоғытып жатқаны біз айтып отырған жоғалған қасиеттің айқын дәлелі.
Екіншісі, ар-ұят принципінен жұрдай болдық. Бүгінгі өркениетке жағымсыз әсер етіп отырған идеялогия, жастардың көшеде тыр жаланаш жүруін қарқынды насихаттаса, (БАҚ, кино өндіріс арқылы) көшеден қазақтың қаракөздері киімсіз жүргенін көретін күн алыс емес. Себебі қазірде көшеде жүрген қыздарға қарап, осыны бағамдауға болады.
Соңғысы жауапкершіліктен айырылдық. Адамдық жауапкершіліктің азайғандығынан әкесі бар ұл жетім өссе, жүкті қыздар шаранасындағы баланы алдыртып тастауда. Ол аздай, бүгінде «Туылған баласын мусур төгетін жәшәкке тастап кетіпті», – деген жаңалықты жиі естейтіндігіміз соншалықты, оған таңқалмайтын болдық. Себебі, жастардың аналық инстингі азайып, жауапкершілік деген қасиет біржолата жойылып бара жатқандай.
Түрлі деректі филмьдерден: «Санасыз мақұлық баласын қорғау жолында өзін мерт ететінін көргенде, Алла ерекше сүйеспеншілікпен жаратқан адамның мәртебелі дәрежесі санасыздардан төмендеп бара ма?», – деп қорқасыз.
Жауапкершілікті бұл тұрғыда ғана айту орынсыз болар. Мәселен, тазалыққа байланысты жауапкершілік азайғандықтан кенттегі көшенің тазалығын айтпасақ та түсінуге болатындай.
СӨЗ СОҢЫ. Біз түйгеніміз тек қоғамда орын алып жатқан үлкен қатерлерді келтірдік. Ал, ұлттың ұлттылығын көрсететін қаншама қадір-қасиеттерден де айырылып қалдық. Сіздер қалай ойлайсыздар?
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
Пікір 2