Бір суреттің сыры
2005 жылдардың кезі болса керек. Ақын Адырбек аға телефон соқты: «Нұрсұлтанов Жарқынбек деген ағаңды білесің ғой, – деді ол кісі, баппен сөйлейтін әдетімен, бірнеше күйлері бар, мәдениет саласында автоклуб меңгерушісі болған, енді сол кісі өткен өмірінен естелік кітап құрастырмақ екен. Қолжазбасын көрсетіп алмаққа келген екен, қолымның бос еместігін айттым. Ол саған барамын деп кетті. Ретіне қарай көрерсің» деді». «Мақұл» дедім. Бірақ реті әзер келмейді-ау. Оразаның уағы. Өлейін деп ерніміз кезеріп үйге енді кірдік. Міндетті жұмысымды-ақ қарқ қылып алайын. Ойлағанымша болмады, терезеден Жақаңның сұлбасы өтті. Есікке қарай беттегем, менің қарамды байқаған ана кісінің қуанғанын көрсеңіз. Екі қолын бірдей көтеріп сарт еткізіп: «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан деген осы», – деді жарқылдай күліп. Сөйтіп келген шаруасын айта бастады. Мен мына кісінің бетін қайтара алмайтынымды білдім. Сонша қуанып тұрған адамның көңілін қалай жықпақпын? Ойладым, шаруамыз бітпей, салымыз суға кетіп жүретініміз осылай тіл таба білмеуден екен-ау. Жылы ұшырасу арқылы-ақ жұмысыңды бітіріп, арқадан жүк түсіруге болатынын тұңғыш рет мойындадым. Қобдыраған қолжазбаны алып қалуыма тура келді. «Осы бір-екі күнде бітіретін бол. Арғы күні таңертең келіп алып кетемін» деді ол кісі. Түнделетіп қолжазбаны алып өңдеуге кірістім. Ойдан алып-қосары жоқ, өткен өмірінен өнеге тұтқанын қағазға түсіре беріпті. Тап-таза өмір шындығына құрылған, біреулер құсап беделін арттыру үшін бояуын қалыңдатып әуре болмай, болған біткенді айна-қатесіз қағазға түсіре берген ақпейіл ағаның алғаусыз естеліктерінің көп тұсына ақтарылып күліп те алдым. Күлкінің адам өміріне пайдалы екені рас болса белшеден баттым деуге болады. Бір есептен, артық жұмыс болса болсын, алып қалғаным жүдә оңды болған екен. Қаншама оқиғалар көз алдымнан өтіп жатыр. Кешегі кезең адамдарының шынайы қалпы айта қаларлықтай аңғырт та адал екен-ау. Қолжазба өңделіп, «Толғаныс» деген атпен кітап болып, жарық көрді. Соның ішінде Нұрсұлтанов Жарқынбектің «Бір суреттің сыры» деп аталатын әңгімесін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.
«Бұл оқиға 1967 жылы маусым айында болған еді. Кезекті сапарға жүрмек болып дайындалып жатыр едік, мәдениет бөлімі бастығын райкомға шақырып жатыр деген соң Мавжуда Бегалиева апамыз сонда кетті. Енді аттанып бара жатқанда: «Райкомнан барғанша №1 автоклуб сапарға аттанбай, мені күтсін» деп жатыр деп бас механик Алмас Қалдыбаев тоқтатты. Өзімізше кеңседен шыққан соң сапардың арасында Мәкеңді шақырғандарға соғып өтеміз деп асығып жатыр едік, ол болмады.
Бастық келісімен маршрутты өзгертті. Ол бізге «Облыстан ақын, жазушы Асқар Тоқмағанбетов Алматыға, Жазушылар одағының бесінші съезіне барады екен. «Бес жыл, яки 5 сағат» деген кітабын жазған ақын облыс орталығынан Алматыға дейін 5 жыл жаяулатып жеткен, 5 сағат дегені қазірде самолет 5 сағатта ұшып жетеді. Кітап атын «5 жыл, 5 сағат» деуінің мәнісі сол екен. Сол өзі жүрген жолдарды зайыбы Құралай екеуі екі ай бұрын өз көліктерімен аралап, Алматыға жету жоспары бар. Облыстан Шиелі ауданына келген, ал бүгін біздің ауданда болады. «Талап» совхозының директоры Әбдіғаппар Нұртазаев сіздерді күтіп отыр. Автоклуб магнитофон арқылы музыка береді, қаласа суретке түсіресіңдер. Ауданның екінші хатшысы Ерсұлтан Тұрғанбаев Шиелінің шекарасынан Асекеңді күтіп алып, «Талап» совхозына алып барады, одан әрі Түркістан ауданына қарай шығарып салу керек. Ол үшін сіздерге үлкен жұмыс жүктеледі, жауапкершілігі мол. Сақ болыңдар, сынға ұшырап өлеңге шығып қалып жүрмеңдер», – деп қатаң тапсырды. Жеделдетіп аудан орталығынан жетпіс шақырымдай жерде орналасқан «Талап» совхозына кеттік, бізді күтіп отыр екен. Қысқа амандықтан соң, бізге тапсырмасын айтты. Таудың етегіндегі «Тұрғамбай» бауында озат шопан Мәмірайым Шалысбаевтың ақ үйі дайындалып жатыр, соған барып музыкаларыңды орната беріңдер. Мен аудан хатшысын ақынымен күтіп алып барам,- деді. Ақынға арнап тігіліп жатқан қара үй дайындық үстінде екен. Біз де үйді тігуге көмекке кірістік. Үй тігіліп болған соң жер ошақ қазып, от жағып, мал сойылып, самаурын қайнап жатқанда, көп күттірмей-ақ меймандар да келіп, дастархан басына жайғасты. «Мәке, маған сөйлейтін болды ғой, музыканы неге ойнатпағансың, ауданнан не үшін келдің деп» – дедім самаурынды әкеле жатып. Мәкең: «Әй, Жақа, сенің музыкаңнан гөрі тамағын күйдіретін күрең шәй құйсаң бәрі реттеліп кетеді. Онан да шәйді құй», – деді. Шопан мен әйелі бірі малын сойып, бірі от жағып, ішек-қарынын тазалап жүгіріп жүр.
Төрде қадірлі ақынымыз жары Құралаймен, екінші хатшы Ерсұлтан Тұрғанбаев, әйелі Тұрсын, одан соң савхоз директоры екінші жағында. Мен шәй құйып отырмын, жанымда Манап ақын бар. Таудың салқын самалы, көк деген тізеден, олардан шыққан хош иіс әтір сеуіп тұрғандай. Асекең шәй үстінде қағаз-қаламын алып жер аты, өзен су, малдардың жейтін шөп аттарын қағазға түсірумен болды. Совхоз директоры мен хатшы ақынды әңгімеге тартып, одан түк шықпасын білген соң хатшы ақынды қолқалап суретке түсуге шақырды. Асекең : «суретке қыздар құмар келеді, қыздармен түсіңдер»,- деп оған да ыңғай бермеді. Болмаған соң ақынның әйелін қолқалады, «Шалыңды шақыр» дегендей әзілмен. Кемпірі айтып қоймаған соң екеуі де орнынан тұрып жатып: «Осы суретшілерге сенім жоқ. Әуелі сырт болады, одан сылт болады», – деді. Хатшы: «Жоқ,олай демеңіз. Бұл аудандық мәдениет бөлімінің арнайы суретшісі, мұның түсірген суреттері қате кетпейді. «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» деген газеттерге талай суреттері шыққан» – деп мақтап жатыр. Сонымен екі рет суретке түсірдім. Жалпы көпшілікпен бір рет, екінші Асекеңді директор мен хатшы ортаға алып түсті. Дастарханға қайта жайғастық. Ет те пісуге жақын. Пияз турау керек болды. Шайды қоя салып пиязға кіріспек болып қозғала бергенімде, Мәкең: «Жақа, шәйді құя бер, мен тураймын», – деді. Мәкең бір кезде бүйірімнен түртіп қалып: «Ауыл Тұрғанбайдікі, бейнет қу маңдайдікі деген осы де», – деп қалды. Қарасам Мәкеңнің екі көзінен жас парлап ағып отыр. Мына сөзді естіген соң күлкі қысып барады. Күлейін десем үлкендер алдында ыңғайсыз, күлмейін десем ішімді жарып барады. Ернімді тістелеп зорға тыйылдым. Тамақ та келіп жетті. Семіз қойдың еті. Иісі мұрныңды жарып тұр. Құралай сұлу етке дән риза, ал Асекең жазумен әлек. Сонымен етті жеп болған соң, Асекеңді Түркістанға дейін хатшы мен директор щығарып салмақшы болып аттанып бара жатып хатшы маған: – Әй фотограф, суретіңе абай бол, жаңа Асекеңнің сөзін естідің ғой. Маршрутты қой, ауданға тарт та, суретті шығарып маған әкел. Ал директордан суретің үшін бір қой әперем,- деп құлағыма сыбырлады.
Асқарды шығарып салған соң, автоклубпен ауылға бет түзеп, зулап келеміз. Совхоздан ұзап шыққан соң Мәкең: «Жақа, ақынды шығарып салдық қой, енді не істейміз?», – деді. Мен «Мәке, хатшының тапсырмасын орындаймыз да», – дедім.
– Оны қоя тұр – деді. – Мына Бесарық бекетіндегі Жүнаит Оразқожаевтың отанында тарихи күн. Италия партизандарымен қосылып Оразқожаев ағамыз үлкен ерлік жасапты. Ол ерлігін Италия бас газеті жазса, оны «Правда» газеті көшіріп, одан «Социалистік Қазақстан» көшіріп алған. Жүнаит ағамыз үлкен той жасап, сол тойдың басқаруы маған жүктелген еді. Соған автоклубты бұрсаң қатеді?
– Мәке-ау, райком тапсырмасын қайтеміз?- десем, ол:
– Тойдан кейін-ақ шығарарсың суретіңді,- деді.
– Олай болса, сурет шықпай қалса не болады? Қазір райком айтты – заң!- деймін.
– Қойшы, қорқа бермей, еш нәрсе болмайды, болса өзім арашалап алам, – дейді Мәкең.
– Мәке- ау, анық қолайсыз жағдай болмасын, болды дегенше райком бастықты, бастық менің миымды шағады ғой, – деймін ыңғай бермей.
– Қойшы, қорқа бермей, еш нәрсе болмайды, болса өзім арашалап алам. Бұр тойға автоклубты,- деп бұрғызды. Бірге жұмыс істеп жүрген соң, бір-біріміздің көңілімізді қалдырмаймыз. Сонымен Бесарықтағы Оразқожаевтың тойына да жетіп келдік. Тойда көпшіліктің Жунаит ағамызды қошеметтеп ортаға қаумалап алып тұрған кезінде келіппіз. Машинадан түскенде: «Мойныңдағыңды кабинаға құлыптап қоя сал, мына тобырға көз қылмай-ақ»,- деді Мәкең. Фотоаппаратты кабинаға қалдырып, есігін іліп, бекітіп жеделдетіп Мәкеңе ілестім. Той дуылдап жақсы өтіп жатыр. Асаба Мәкең, тойдағы іс-шара жүріп жатыр. Түн жарымында машинаны, ондағы фотоаппаратты тексеріп келдім. Бәрі орнында. Далада самаурын қайнатып, ас қамымен бес-алты адам жүр. Олар менімен жұмысы жоқ, өз шаруаларымен. Сонымен тойханаға келіп отырдым. Мәкең маған күй орындауды ұсынды. Құрманғазының, Әлшекейдің күйлерін орындадым. Той да тарады, жатып дем алдық. Таңертең тұрып, машинаны оталдырып болған соң фотоаппаратты іздедім, таппадым. Орнында жоқ. Енді қайттім? Қуаныштың бәрі су сепкендей басылды. Жыларманға келдім. Мәкең: «Сабыр сақта, бір кәрін жасармыз, жар саламыз, табылады, қайда барады», – деп жұбатты. Жүнаиттың жезделік мәнісі бар еді, ол: «Түнде домбыраны безілдетуің жаман еді, одан да өзіңе сақ болмайсың ба», – дейді. «Енді тындым, енді ауданға осы жерден бір шофер тауып алып, машинаны айдап өзіңіз бара беріңіз, мен осы жерден «Талап» совхозы орталығына жаяу тарттым», – деп ауылға бет бұрдым. Жездем: « Әзілді көтере алмайсың ба, саған неше фотоаппарат керек, алып берейін», – деді. Мәкең сөзге араласып: «Бұған керегі пленкасы, аппарат магазинде толып тұр ғой», – деді. Екі ағам пікірлесіп түнде шәй қойысып жүрген балалардан да сұрастырды. Олар: «Көрген жоқпыз» деумен құтылды. Сонымен: «Уайымдамаңдар, мұнда болса таптырып, өзім жеткіздіріп беремін», – деп Жүнаит шығарып салды.
Тойдан соң ұйқыдан қалған, шаршаған, тағы келеңсіз жай, үн-түнсіз ауданға оралдық.
Ауданға барған соң өмірі таусылмайтын маршрут, бастық тықыршып күтіп отыр екен. «Кеше кетулерің керек еді, келесі совхозға дереу кете қал»,- деп тапсырма берді. Маршрутқа шыға алмаймын деп айта алмай, келесі сапарға аттанып кеттік. Ол сапардан оралсақ, тағы бір совхоз, күн артынан күн өтіп жатты. Арада он-он бес күннен соң, «Сені райком шақырып жатыр» деген хабар келді. Менде оған барар бет жоқ, Мәкең өзі барып басып келді. Басылғаны құрысын, аудандық милициядан он милиция жіберіп, бүкіл Бесарық бекетіндегі үйлерді тексеріп, «Зорки-4М» фотоаппаратты «Юпитер-4» объективімен тауып, ұрлық қылған баланы қаматты. Қамағанмен не пайда, пленка жоқ. Сонымен сөзінде тұрып Мәкең бір жазадан алып қалды. Десе де «Суретшіге де сенім жоқ. Алдымен «сырт» болады, одан кейін «сылт» болады, бір айналып сұрасаң «құрып болады» дегені әлі осы күнге дейін естен кетпейді. Дегенмен, дуалы ауызды адам екен Асекең. Өйткені оның айтқаны айнымай келді.