№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Елі есімін қадірлеген

Елі есімін қадірлеген


Мемлекетшілдік көзқарас ер, әйел деп топқа бөлмейді. Ол жалғыз ғана ұғымға – елжандылық, Отансүйгіштік сынды қастерлі ұғымдарға байланған. Осы тұрғыдан келгенде кез-келген ер-азаматтармен иық теңестіре алатын қажырлы қызметімен ел көңілінде жылы орын алған қаракөз – Жамила Бәдірқызының орны өз алдына бір төбе десек жаңылмаған болар едік.+
Жәмила Бәдірова 1941 жылы 10 желтоқсанда Жаңақорған кентінде дүние есігін ашқан. Әкесі Әмзеев Бәдір Жаңақорған МТС-іне алғашқы тракторды әкелген азамат. Алғашында броньмен соғыстан қалдырылған азамат кейіннен майданға шақыру алады. Алдымен Түркменстанда дайындық жаттығуда болған. Жанында ауылдасы Қалқожа бірге болған екен. Аяқастынан дерт аяғы қара санға жабысып, денсаулығы жарамсызданған солдатты кері қайтаруға тура келді. Үйіне келген бетте Шиеліден Мұхамеджан молда үстінен түсіп, емдеуге алып кетеді. Сырқатынан жазылып, қайтадан өз жұмысына араласады. Зайыбы Сәруаса екеуінен тұңғыштары Жәмиладан кейін қырық бесінші жылы Дәмегүл қырық тоғызыншы жылы Шәкен дүниеге келеді.
Ата-анасы ер мінезді, өжет, Жәмиласынан көбірек үміт күтіп еді, сенімдері алдамапты.
Жәмила аудан орталығындағы №51 орта мектебін тәмамдаған соң аудандық партия комитетінің статистика бөліміне жұмысқа орналасады. Бұған дейін МТС мекемесінде кадр бөлімі меңгерушісі болып істеп, тәжірибе жинақтаған еді.
Аудандық атқару комитетінде статист маман болып орналасқан ол бір жылдан соң, яғни 1967 жылы 5 мамырдан бастап жалпы бөлімнің меңгерушісі болып тағайындалады. Ол осы қызметте отыз жылға жуық абыройлы қызмет атқарған екен.
Кешегі Кеңес үкіметі кезеңінде үздік пионерлер слеті комсомолдар пленумы жиі ұйымдастыратын. Соның көбі аудандық партия комитетінің мәжіліс залында өтетін. Сондай жиындарға келгенде қазіргі тілмен айтқанда «Ақ үйге» бас сұғып, ерлермен бірдей жұмыс атқарып, темірдей тәртіпке бағынған бірді-екілі қыз-келіншектерге қызыға қарайтынбыз. Солардың қатарында осы біздің Жәмила апай айрықша есімізде қалып қойыпты.
Ол кісілердің қызметке берілгені сондай, сол кездегі Жәмила құралыптас қаракөздер – Қаракөз Әбуова, Манзура Құлымбетова, Мавжуда Бегалиева, Роза Исмайлова сынды апаларымыз сол талапшыл дәстүрден әлі де жаңылмаған. Олар бүгін де анттарына адал, жаны таза, көшбасшылық қасиеттеріне кір жуытпай келеді.
Мемлекеттік қызметшілер мерекесі аясында сексеннің сеңгіріне аяқ басқан Жәмила апамызға арнайы соғып, хал-жағдайын білуде ел қатар кейінгі ізін басқан сіңлілеріне өсиет-өнегесін бөлісуді мұрат тұттық.
Алғашқы сауалымыз, жалпақ тілмен айтқанда «Ақ үйдің» аруына қандай қасиеттерді қадір тұту жарасымды? деген тақырып төңірегінде болды.
– Мемлекеттік деңгейде құзырлы мекемелерде, ресми құжаттамалық кеңселерде жұмыс жасайтын қыз-келіншектерге артылар жүк ауыр. Сын да жеткілік. Сондықтан бұл салада жұмыс жасаған нәзік жандыларға анағұрлым мықтылық, сарабдал салмақтылық қажет. Не болса соны сөз ету, ішкі сырды сыртқа жаю сынды жеңіл әдетті мүлде бойға жуытуға болмайды. Өзіңнің орныңды қалай құрметтесең, бағаңды да сондай қадірлеп, атыңа артық сөз келтіруден барынша сақ болғаның жөн, – дейді өз тәжірибесінен түйгенін ортаға салып.
– Отыз жылдық еңбек өтілімде бірде-бір рет басшылықтан ескерту алмаған екенмін. Өйткені біз өз жұмысымызға аса жауапкершілікпен қарайтынбыз. Жалпы бөлімнің міндеті есептік жиналыстар мен бюрода қабылданған қаулы-қарарлардың орындалуына қадағалау жасау. Бұл бойынша ақпар жинап қоймаймыз, еңбектің қайнаған ортасы – егін жайларын, мал отарларын, сауыншы фермаларын аралап, бар жұмысты көзімізбен көріп хаттама толтыратынбыз. Биліктің тегеурінділігі де, талап-талғамы да өте жоғары болатын, – дейді Жәмила апа еңбек жолдарын еске алып.
Ол өзі балауса күнінен зейнеттік жасқа дейінгі аралықта Бакировтен Бектібаевқа дейінгі онға жуық аудан басшысының тәлімін көріп, тәрбиесін алыпты. Соның бірде-бірінің алдынан қиыс өтпеді, атына сөз келтірмеді. Осының барлығы намысты биік қойған қайсар жанның азаматтығының бір айғағы деуге болады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының кешегі дағдарыс кезеңдерінде нәзік жандармен кездесуінде оларға үлкен сенім арта сөйлеп: «Әйел азаматтар ерлерге қарағанда ерекше ұқыпты келеді. Өздерінің иығына артылған міндетті өте жауапкершілікпен сезініп, мұқият атқаруға тырысады. Оларға қандай істі де сеніп тапсыра аламын» деп қыз-келіншектердің атына әділ әрі әкелік бағасын беруі барша қазақстандық әйел-аналардың көңіліне қанат бітіргендей еді. Дәл осы тұжырымды Жәмила апа сынды бүкіл ғұмырын туған еліне арнай білген ардақты тұлғалардың айнымас серті тереңірек айқындай түседі.

Баян ҮСЕЙІНОВА.
19 маусым 2018 ж. 802 0