№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жаңақорған аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

Жаңақорған аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

Жаңақорған аудандық сотында 18 сәуір 2018 жылы  азамат Ә. қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, азамат Ә. 20 наурыз 2018 жылы сағат 03:30 шамасында Жаңақорған кенті, Түршеков көшесі, н/з үйінде зайыбы У. мен балаларына сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, жеке тұрғын үй шегінде жанұясының тыныштығын бұзған, сөйтіп 15 наурыз 2018 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдыртпау мақсатында ІІБ-мен шығарылған қорғау нұсқамасын бұзып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 461 бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Ә. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 461 бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған ескерту жасалды. 
М.Тұрғанбекұлы,
Жаңақорған аудандық сотының маманы.

24 сәуір 2018 ж. 891 0