№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЛОН МАСК АҚПАРАТТЫҢ ШЫНАЙЫЛЫҒЫН ТЕКСЕРЕТІН САЙТ АШПАҚ

ЛОН МАСК АҚПАРАТТЫҢ ШЫНАЙЫЛЫҒЫН ТЕКСЕРЕТІН САЙТ АШПАҚ


Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының иесі Илон Маск БАҚ-тағы ақпараттың қаншалықты шынайы екенін тексеретін Pravda атты сайт ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

«Әрбір оқырман БАҚ-тағы мақаланың қаншалықты шынайы екенін және белгілі бір журналист, редакторға қаншалықты сенім артуға болатынын тексеруге арналған сайт ашуды жоспарлап отырмын», - деді кәсіпкер.
Сондай-ақ, Илон Маск бұл сайттың «Правда» деп аталатынын жазды. Бірақ, неліктен орыс тіліндегі сөзді таңдағанын түсіндірмеді. Ал сайттың ашылуына БАҚ беттерінде Tesla және Model 3 көлігіне қатысты жарияланып жүрген жаңалықтар себепші болған екен. Себебі, осы жағымсыз жаңалықтар салдарынан компания акциясының құны төмендеп жатыр.
Әлеуметтік желі оқырмандары кәсіпкерді АҚШ президенті Дональд Трамппен салыстырды. Яғни оның да президент секілді өзі туралы тек жақсы жаңалықтар таралғанын қалайтынын жазды. Мұндай сындарға Илон Маск келесідегідей жауап берді:
«Біреу БАҚ-ты сынап қалса, әлеуметтік желідегілер «Сен тура Трамп секілдісің!» деп жазады. Бірақ, қалай ойлайсыздар, оның сайлауда жеңіске жетуіне не себеп болды? Себебі, сіздерге ешкім сенбейді. Сіздер сеніммен айырылдыңыздар», - дейді кәсіпкер.
Ол бар проблема журналистердің жұмысын жоғалтып алудан қорқып жағымпазданып жарнама жасайтынында екенін айтты. Кейін әлеуметтік желі арқылы сайттың ашылуына қатысты дауыс беруді ұсынды. Бірнеше сағат ішінде бұл сауалнамаға 260 мың адам қатысты.
«Егер сіз БАҚ өкілі болып, «Правда» сайтының ашылмағанын қаласаңыз, онда осыған қатысты дауыс берушілерге бағыттап мақала жазыңыз. Олар сайттың ашылуына қарсы дауыс берсін», - деп қорытты Илон Маск.
24 мамыр 2018 ж. 995 0